АЙ МЕН АЙША
/драма/

Авторы: Қазақстанның халық
жазушысы Ш. Мұртаза
Ұзақтығы: 2 сағат
Жас санаты: 7+
Премьерасы: 2015 жыл, 11 сәуір

Қоюшы режиссері: Қазақстанның халық артисі
Тұңғышбай әл-Тарази

Қоюшы суретшісі: М. Сапаров
Киім үлгісінің суретшісі: Б. Әбдіманапова
Композиторы: Ш. Базарқұлова
Биін қойған: Г. Мұхамеджанова
Пластикалық композицияны қойған: Г. Бахарова
Режиссердің көмекшісі: Г. Сейтімбет
Спектакль Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» романы және «Мылтықсыз майдан» повесі желісімен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Жуасбек жазған драма бойынша қойылды. Сонау сұрапыл соғыс жылдары майданның барлық ауыртпалығын елде бастан кешкен ауыл адамдары, соның ішінде «халық жауы» атанып, айдауда дүние кешкен отағасының аманаты – үш балапанын қалайда аман-есен жетілдіруді мақсат еткен Айшаның отбасы бейнеленеді. Алапат соғыс, ел ішінде де аштық, шарасыздық. Жау жағадан алғанда соғыстан бой бұғып қалған қорқаулар етектен тартқылап, осы аласапыранда қарлығаштай шырылдаған Айша жанталасып, тіршілік үшін күресуде. Бұл – жалғыз Айшаның тағдыры емес, ел тағдыры. Елдің өшпес өршіл рухы бұл жолы да жасампаз. Спектакль – жеңіс үшін, өмір-тіршіліктің жалғасы үшін тылда жан аямай еңбек еткен барлық Ана мен баланың, кейуаналар мен ақсақалды аталардың ерен ерлігіне тағзым
РОЛЬДЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР:
Қамқа
Гүлнар Жақыпова
Қазақстанның халық артисі

Айзада Сатыбалдиева
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Айша
Дәрия Жүсіп
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Баян Қажынәбиева
Жастар одағы сыйлығының иегері
Тасбет
Жандарбек Садырбаев
«Құрмет» орденінің иегері
Қалпе
Үсіпхан Сейтімет
«Құрмет» орденінің иегері
Мұртаза
Жалғас Толғанбай
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Мамай
Тұңғышбай әл-Тарази
Қазақстанның халық артисі

Айдос Бектемір
Қазақстанның еңбек сіңірген артисі