Әлихан Қажымханұлы Лепесбаев
1993 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкөзек ауылында дүниеге келген.
2010-2014 жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының драма театры және кино актері мамандығы бойынша білім алды.
2017 жылдан М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Сахнадағы рөлдері:
М. Омарова «Көмбе нанның дәмі» (реж. А. Кәкішева) – Әскери,
М.Әуезов «Қобланды» (реж. Н.Жақыпбай) – Алшағыр,
Г.Томский «Аттила мен Аэций» (реж. А.Кәкішева) – Аттила,
О.Бөкей «Қар қызы» (реж. Ж.Жұманбай) – Аманжан, т.б.

Кинодағы рөлдері:
«Көзайым», «Махаббат қызық мол жылдар» және т.б. фильмдер мен телехикаяларда рөл сомдады.