Арай Тасболатқызы Өмірова
1987 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
2004-2008 жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «актер шеберлігі» мамандығы бойынша оқып бітірді.
2010 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:
Б.Жәкиев «Жүрейік жүрек ауыртпай» (реж. Е.Обаев)– Немере,
Д.Исабеков «Жаужүрек» (реж. Е.Обаев) – Татьяна,
М.Сәрсеке «Тендерге түскен келіншек» (реж. О.Кенебаев) – Айнагүл,
И.Сапарбай «Қыз мұңы» (реж. Е.Обаев)– Айгүл,
Ш.Мұртаза «Ай мен Айша» (реж. Т. әл-Тарази) – Тотия,
И.Вовнянко «Қаза мен жаза» (реж. А.Әшімов) – Мадонна,
У.Шекспир «Лир патша» (реж. Е.Нұрсұлтан) – Корделия,
Б.Брехт «Көкектің әні» (реж. Е.Нұрсұлтан) – Виксен,
Қ.Мұрат «Бақыт кілті» (реж. Е.Обаев) – Асия, т.б.

Кинодағы рөлдері:
«Көкжалдар», «Анаға апарар жол», «Үй болу қиын», «Кеңесшілер» және т.б. фильмдер мен телехикаяларда рөлдер сомдады.