БЕС БОЙДАҚҚА БІР ТОЙ
/музыкалық комедия/

Авторы: Т. Нұрмағанбетов
Ұзақтығы: 2 сағат
Жас санаты: 7+
Премьерасы: 2019 жыл, 20 қараша

Қоюшы режиссер, өлеңдерін жазған: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ә. Рахимов
Қоюшы суретшісі: «Құрмет» орденінің иегері Е. Әдісбек
Музыкаларын өңдеген: Д. Қаден
Биін қойған: Г. Мұхамеджанова
Режиссердің ассистенті: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс
Режиссердің көмекшісі: С.Гениярова
Көрнекті жазушы-драматург Тынымбай Нұрмағамбетовтың екі бөлімді музыкалық комедиясы араға бес жыл салып сахнаға қайта оралды.
Бес бойдақ – Қырманбай шал және оның төрт ұлы. Жер ортасынан ауғанда кемпірі дүние салған Қырманбайдың көңілі ұлдарының тұрмыс-тіршілігіне толмайды, сондықтан өз әулетінің ертеңіне алаңдаулы; ал ұлдары болса әкесін үйлендірмек болып әлек…
Бүгінгі күн мәселесін ұлттық дүниетаным тұрғысынан қарастыратын әзілге толы қойылымда әсем ән мен қазақы қалжыңдар жалпы атмосфераны жандандыра түседі.
РОЛЬДЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР:
Қырманбай
Бекжан Тұрыс
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Марат
Азат Тұрарбеков

Райымбек Бекет
Мара
Әсел Әбдіхамитова