Дәрия Әбдімәлікқызы Жүсіп
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009), Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты (1994), Қазақстанның тұңғыш Президенті қорының лауреаты (2010)
1972 жылдың Алматыда дүниеге келген.
1989-1993жж. Қазақ Мемлекеттік Т.Жүргенов атындағы Театр және кино институтын Театр-кино актері мамандығы бойынша оқып бітірді.
1993 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:
М.Әуезов «Абай» (реж. Е. Обаев) – Әйгерім,
Ғ.Мүсірепов «Махаббат дастаны» («Қозы Көрпеш – Баян сұлу», реж. Қ. Сүгірбеков) – Баян сұлу,
Ә.Тәжібаев «Жомарттың кілемі» (реж. Б.Атабаев) – Несібелі,
Ә.Кекілбаев «Абылай хан» (реж. Б. Атабаев)– Күлпаш,
К.Ашир «Қабыл – Адам Ата перзенті» (реж. К. Ашир) – Эда,
Д.Амантай «Сәлеметсің бе, Қоңыр мұң?..» (реж. Қ. Сүгірбеков) – Дариға,
Шахимарден «Томирис» (реж. Т. әл-Тарази) – сақ патшайымы Томирис,
Қ.Ысқақ пен Шахимарден «Қазақтар» (реж. Т. әл-Тарази) – Нигар ханум,
И. Сапарбай «Сыған серенадасы» (реж. Е. Обаев, Т. Аралбай) – Баронесса,
Е. Жуасбек «Күлеміз бе, жылаймыз ба?!» (реж. М. Ахманов) – Таня,
Д. Исабеков «Жаужүрек» (реж. Е. Обаев) – Елизавета Андреевна,
М. Сәрсеке «Тендерге түскен келіншек» (реж. О. Кенебаев)–Сағила,
М. Омарова «Көмбе нанның дәмі» (реж. А.Кәкішева) – Шешенәйел,
К. Гоцци «Турандот ханшайым» (реж. Т. әл-Тарази)– Турандот,
М.Ғапаров «Тұзды шөл» (реж. Т. әл-Тарази) – Айғаныш,
В.Смехов «Мың бір түн» бойынша қойылған «Әлі баба және қырық қарақшы» (реж. Т. Аралбай) – Шаһаризада,
Н. Әбдіқадыров «Шыңғысханның соңғы мұхиты» (реж. Н. Әбдіқадыров)– Бөрте,
У.Гаджибековтың «Аршын мал алан» мюзиклында (реж. Т. әл-Тарази) – Гүлчахра, т.б.
Т.Уильямс «Сынық қанат періште» (реж.А.Кабдешева) – Аманда,
Эврипид «Медея» (реж.А.Кабдешева) – Медея

Кинодағы рөлдері:
«Заманай мен Аманай», «Күлпаш», т.б. фильмдерінде рөлдер сомдады.