«Ұлтымның үні, рухымның тілі – ДОМБЫРА» шығармашылық, сырласу алаңына шақырамыз

2019 жылдың 29-маусым күні сағат 17.00-де «Ұлы даланың жеті қыры», «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақалалары аясында, «Ұлттық домбыра күніне» орай Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры мен Қазақстан Республикасының Жазушылар одағы басқармасының  бірлескен жобасы    «Ұлтымның үні, рухымның тілі – ДОМБЫРА» атты  шығармашылық, сырласу алаңы ұйымдастырылады.

Осыдан бір жыл бұрын (2018 жылы) 1-шілдеде «Ұлттық домбыра күні» алғаш рет аталып өткен болатын. Астанадағы «Қазақ елі» монументі алдындағы шараға Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Екі мыңнан астам музыканттан құралған домбырашылар оркестрі «Көңіл ашар», «Адай», «Балбырауын», «Ерке сылқым» және «Сарыарқа» күйлерін орындаған.

Биыл екінші рет атап өтілетін мереке былтырғыдан өзгерек болмақ. Еркін форматта, қазақтың қара домбырасымен күй де тартылады, ән де айтылады, өлең де оқылады. Әуезов театрының «Сырласу бұрышында» өтетін шығармашылық шараға еліміздің айтулы ақындары, жыршы-термешілері, театр артистері қатысады. Қапы қалмаңыздар!

Кеш жүргізушісі – ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Бақыт Беделхан.
Басталу уақыты: 17.00
Өтетін орны: Әуезов театры, Сырласу бұрышы (3-қабат)

Құрметті БАҚ өкілдері! Сіздерді «Ұлтымның үні, рухымның тілі – ДОМБЫРА» атты  шығармашылық, сырласу алаңына қатысуға шақыра отырып, ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз! 

Кері байланыс:  +7 701 655 02 27 – Бақыт Беделхан      
                                +7 707 910 16 46 – Гүлім Рысқұл