ӘУЕЗОВ ТЕАТРЫ ҰЖЫМЫ ГАСТРОЛЬДІК САПАРҒА ШЫҒАДЫ

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры ұжымы қыркүйек айының 25-інен бастап қазанның 8-іне дейін Алатаудың сәлемін арқалап, Павлодар, Семей және Өскемен қалаларына гастрольдік сапарға шығады.

Театр ұжымы бұл сапарға үлкен дайындықпен келеді.      Аталмыш қалалардың тұрғындары мен қонақтары қазақ өнері қарашаңырағының жауһарларына айналған спектакльдерін тамашалау мүмкіндігіне ие болады. Атап айтар болсақ:  Мұхтар Әуезовтың «Абай» трагедиясы (режиссері – Қазақстанның халық артисі Есмұхан Обаев), Александр Володиннің «Қоштасқым келмейді..» драмасы (режиссері ҚР еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров), Тынымбай Нұрмағанбетовтың «Қожанасыр тірі екен...» комедиясы (режиссері ҚР еңбек сіңірген қайраткері Оразхан Кенебаев), Ғарифолла Есімнің «Таңсұлу» драмасы (режиссері ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алма Кәкішева) және Бақыт Беделханның «Мұқағалимен сырласу» поэтикалық қойылымын (режиссері Әридаш Оспанбаева) ұсынамыз.

Назарларыңызға спектакльдердің қойылатын орнын және уақытын ұсынамыз:

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ БОЙЫНША:

Спектакльдер ПАВЛОДАР облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры» КМҚК сахнасында қойылады.

«Таңсұлу» драмасы – 25-қыркүйек
«Қожанасыр тірі екен» комедиясы – 26-қыркүйек
«Қоштасқым келмейді» драмасы – 27-қыркүйек
«Абай» трагедиясын – 28-қыркүйек.

«Мұқағалимен сырласу» поэтикалық қойылымы 4 күн қатарынан 12.00-де қойылады.  

 

Ескерту: спектакльдер 19.00-де басталады.

 

Байланыс телефоны: +7 701 300 30 30

 

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША:

Спектакльдер алғашқы күні, яғни 30-ы қыркүйек Семей қалалық мәдениет сарайында және 1-3 қазан аралығында  Абай атындағы қазақ-музыкалық драма театрындақойылады.

«Қоштасқым келмейді» драмасы – 30-қыркүйек

«Абай» трагедиясын – 1-қазан

«Қожанасыр тірі екен» комедиясы – 2-қазан

«Таңсұлу» драмасы – 3-қазан

«Мұқағалимен сырласу» поэтикалық қойылымы 1-3 қазан күндері  12.00-де қойылады.  

Ескерту: спектакльдер 19.00-де басталады.

 

Байланыс телефоны: + 7 707 297 7464

 

ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША:

Спектакльдер қазан айының 5-6 күндері – Металлургтер мəдениет сарайында және 7-8 қазан күндері – Шығыс Қазақстан облыстық драма театры сахнасында қойылады:

«Таңсұлу» драмасы –5- қазан
«Қожанасыр тірі екен» комедиясы – 6- қазан

«Қоштасқым келмейді» драмасы – 7- қазан

«Абай» трагедиясын – 8- қазан.

 

Ескерту: спектакльдер 19.00-де басталады.

 

Өскемен қаласының тұрғындарының назарына қосымша екі  қойылым ұсынамыз. Олар:

«Мұқағалимен сырласу» поэтикалық қойылымы – 7-қазан күні 12.00-де  

«Жүрегімнің иесі» психофизикалық драмасы  8-қазан күні 12.00-де қойылады.  

 

Байланыс телефондары: 8777 289 43 77

 

Павлодар, Семей және Өскемен қаласындағы өнерсүйер, театрсүйер көрерменді ел назарында елеулі болған қойылымдарымызды тамашалауға шақырамыз! Қапы қалмаңыздар!