18 мамыр – Халықаралық музей күні құтты болсын!

Театрымыздың "МУЗЕЙ" бөлімiнің жетекшісі, "Мәдениет саласының үздігі" Наргиз Тамабекқызын және бөлім қызметкерлерін Халықаралық музей күнімен М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры ұжымы атынан  құттықтаймыз!

Театрдың мол мұрасын көрерменге таныстырып қана қоймай, оны жылдан жылға сақтап, кеңейтіп, дәріптеп жүрген мұражай қызметкерлерінің еңбегі орасан. Әрбір құжат пен экспонаттарды зат деп емес, тарих деп қабылдайтын Наргиз Тамабекқызы бастаған ұжымның еңбегіне табыс тілейміз. Еліміздегі театрлардың ең бай қоры бар музейдің барлық жұмысын үйлестіріп, театрдың тамыры терең тарихының әр кезеңін халыққа жеткізіп, еңбек етіп жатқан бұл мамандар құрметке лайық. ⠀⠀

Айта кетейік, Халықаралық музейлер кеңесінің бұйрығымен 1977 жылдан бері 18 мамыр  күні "ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЕЙ КҮНІ" деп бекітілген. Ал Халықаралық музейлер кеңесінің өзі 1946 жылы дүниежүзі музей мамандарының ұсынысымен құрылды.