Асанәлі Әшімовке көзі тірісінде ескерткіш қойылды

Атырау қаласындағы Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры ғимараты алдына театр мен кино өнерінің хас таланттары КСРО және ҚР Халық артистері Нұрмұхан Жантөрин, Сабира Майқанова, Хадиша Бөкеевамен қоса театрымыздың абыз ақсақалы, көркемдік жетекшісі, Қазақстанның Еңбек Ері, кино және театр актері,  режиссер, театр педагогы, профессор, КСРО халық артисі, Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті Асанәлі Әшімовке ескерткіш қойылды.

Аталмыш жоба Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында қамтылған тапсырмаларды орындау мақсатында жүзеге асырылып отыр. Алдағы уақытта ұлтымыздың әйгілі өнер тарландарының кіші сәулеттік композициялары облыстық театрға еңбегі сіңген бірегей өнер тарландарының ескерткішімен толықпақ!