Қобыландының сырын әлі аша алған жоқпын

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының актері, «Үміт» жүлдесінің иегері Ғалымбек Оспанов үнемі ізденісте жүретін жас актерлердің бірі. Осыған дейін бірнеше қойылымда басты рөлдерді сомдап үлгерген жас актермен аз-кем әңгімелесудің сәті түскен еді.

 

– Сіздің өнер жолын таңдауыңзға не себеп болды? Бала кездегі арманыңыз ба, әлде ел алдында жүруді қаладыңыз ба?

 Мен бала кезімде актер боламын деп ойлаған жоқпын. Мектепте жүргенде ән айтуды ұнататынмын. Үшінші сыныпта Халықаралық аналар мерекесінде ән айттым. Содан мектеп бітіргенше сахнадан түспедім. Мектепте мерекелік шараларды ұйымдастыру, ән салу қатты ұнайтын. Актер болу туралы ой маған жетінші, сегізінші сыныпта пайда болды. «Хабар» телеарнасынан түнгі екілерде спектакльдер көрсетілетін. Сонда өзімді актер ретінде елестетіп, тәтті қиялға берілетінмін. Телеарналардан көрсетілетін кинофильмдерді көп көретінмін. Содан болар, маған әуелі театр емес, кино қатты әсер етті. «Титаникті» сан мәрте көрген болармын. Ол кезде түрлі-түсті телевизор жоқ еді ғой, содан көрген фильмдерім түпсанамда жатталып, қиял әлеміне жетелейтін. Еуропалық, америкалық болсын, үздік фильмдерді көруден жалықпайтынмын. Қиялыма қанат бітірген актерім Леонардо Дикаприо болды. Тіпті әлі күнге дейін менің пір тұтар актерім десем де болады. Ақыры мен оныншы сыныпқа өткенде актер боламын деп шештім.

– Қазір елге таныла бастаған жас актерсіз, ән айтатын қабілетіңіз де бар екенін айттыңыз. Одан бөлек өнердің қай түрін ұнатасыз?

– Мен бала күнімнен биге әуес болдым. Көптеген билерді өз ынтаммен үйрендім. Аздап гитарада ойнайтыным бар. Әншілік жолды тұрақты қумасам да, ән салғанды жаным сүйеді. Жүргізушілік қабілетім де жоқ емес. Бірақ, актерлік өнерді бәрінен жоғары қоямын.

 Сахна төрінде алғашқы басты рөліңіз француз жазушысы Филипп Дюмануардың «Дон Сезар де Базан» шығармасындағы Дон Сезар екен. Кейіпкеріңіз қандай адам? Осы кейіпкердің образын қалай аштым деп ойлайсыз.

– Ия, бұл менің алғашқы басты рөлім болды. 2015 жылы қаңтар айының 21 күні сахналанды. Мен театрға 2013-те келіп, сол жылы «Империядағы кеш» деген қойылымға бірден алынған болатынмын. Ауылдағы қарапайым бір адам рөлінде ойнадым. Кейіннен өзімнің ұстазым, режиссер Алма Кәкішева «Таңсұлуды» қойды, мен сонда Таңсұлуға ғашық жігіт Қалмақтың бегін ойнадым. Бұл менің сәтті шыққан рөлдерімнің бірі болды. Ол енді басты рөл емес еді. Сол қойылымды 2019 жылы 30 қаңтарда қайта ойнап шықтым. Алғаш қойылғанда спектакльдің мазмұн-мәніне терең мән бермептікшығармаларды талдау керек жерінде режиссермен акылдасыпдебат құру ойда болмапты. Маған берілген алғашқы негізгі рөл сол болғандықтан, қалай ойнап шыққанымды өзім де білмеймін. Арада жеті жыл өткен соң, сол рөлге қайта оралдым, бұл маған үлкен сынақ болды, Қалмақ бегінің көтерер жүгін осы кезде жете түсіне бастадым десем болады. Ал Дон Сезар де Базан рөлі үшін «Үміт» номинациясымен марапатталдым. 2018 жылға дейін 3 жыл ойнадым. Бірақ спектакль көп қойылмады. Себебі, спектакль әлі өз шешімін таппаған шығарма болды. Оны мен өзімнің жастық жалыныммен ойнап шықтым десем де болады.

– Сіздің тағы бір басты рөлдеріңіздің бірі – Қобыланды. Бұл рөлге қалай таңдалдыңыз? Батыр образын ашудың қандай қиындығы болды?

– 2019 жылы Нұрқанат Жақыпбаев ағамыз «Қобыландыны» қоятын болып, актерлерді іріктей бастады. Нұрқанат ағамен жеке отырып әңгімелестік, сұхбаттастықОл кісімен бұрын таныстығымыз жоқ, мен туралы ештеңе білмейді. «Жасың қаншада?», «Секіре аласың ба?» деген сияқты әртүрлі сұрақтар қойды. Кейіннен басшылықпен ақылдаса келе, Қобыландыны сен ойнайсың деген шешімге келдіҚарап тұрсаңыз, Дон СезарҚалмақ бегінен төрт жылдан кейін ғана осы басты рөл маған бұйырыпты. Мен өзім басты рөл алудан қорқатын адаммын. «Осы рөлді қалай жеткіземін?» деген қорқыныш үнемі болады. Себебі маған кішігірім  рөлдер жақынАктер болған соң берілген тапсырманы орындауың керек, ойнай алмаймын деген күдік болмауы тиіс.

Мен сомдаған рөлдердің ішінде ең қиын тигені осы рөл болды. Қобыландының сырын әлі толық аша алған жоқпын. Мен оны қанша ойнасам да, қат-қабат жұмбақтар алдымнан шығады. Себебі, режиссермен Қобыландыны талқылауға уақыт тапшы болды. Мүмкіндігім толық ашылған рөл – Қалмақтың бегі. Өзімнің болмысыма, мінезімежалпы табиғатыма жақын образ.

 Кино актері болу мен театр актері болудың бір-бірінен қаншалықты айырмашылығы бар?

– Айырмашылығы көп шығар. Себебі, сахна – актердің шынайы көрінісі, бар эмоциясы білінетін, көрінетін жер. Ол жерде кинодағыдай дубль жасап монтаждауға мүмкіндік жоқ. Сахнада рөлді қалай алып шығасың, халық сені солай қабылдайды. Кинода өзгертуге, қайта түсіруге мүмкіндіктер көп болғандықтан, ол бір жағынан актерге өзін өзі жинақтауға, жақсы жағынан көрінуге септігін тигізеді.

 Өмірде сатқындықтың құрбаны болып көрдіңіз бе?

Жоқ. Ешқашан біреуге қатты ренжіп, сөйлеспей кететіндей жайттар болмапты. Мен тек өзіме ғана сенетін адаммын, сондықтан ондай қаталдықпен әлі бетпе-бет келе қоймадым.

– Көп рахмет!

 

  Cұхбаттасқан Жансая БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,  Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның І курс студенті.