Zhalgas Thorganby

Comming performances:

Unfortunately performances not found

Толғанбай Жалғас Қонысбайұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017). «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен марапатталған (2016).

1970 ж.  Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы Жарлысу ауылында дүниеге келді.

1988 ж. Тараз қаласындағы Мәдениет-ағарту училищесін  мәдениет қызметкері және оркестр дирижері мамандығы бойынша бітірді.

1994 ж. ІV Республикалық  «Жігіттің сұлтаны» байқауында 1 орын иеленді.

1993-1997 жж.  Қазақ Мемлекеттік Т. Жүргенов атындағы Театр және кино институтын (қазіргі Өнер академиясы) театр-кино актері мамандығы бойынша оқып-бітірген. 

1997 жылдан бастап М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қызмет етіп, Ұлттық-әлемдік классика мен заманауи драматургияда көптеген рөлдерді шеберлікпен сомдап келеді. 

2019 жылдың 29-қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен, М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры директорының шығармашылық істер жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.

 

Сахнадағы негізгі рольдері:

Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: М. Әуезовтің «Абайында» Көкбай (реж. Ә.Мәмбетов), Әзімхан (реж. Е.Обаев), «Айман-Шолпанында» Балпық (реж. Е.Обаев),  «Еңлік-Кебегінде» Көбей (реж. Ж.Хаджиев), Еспембет (реж. Х.Әмір-Темір), «Қилы заманында» Рахымбай (реж. Ә.Рахимов), Ғ.Мүсіреповтің «Махаббат дастанында» («Қозы Көрпеш-Баян сұлу», реж. Қ.Сүгірбеков) Айдар, С.Торайғыровтың «Қамар сұлуында» Молда (реж. Ә.Рахимов), А.Сүлейменовтің «Кегінде» бекзада Сарын (реж. Ә.Рахимов), Ә.Кекілбаевтың  «Абылай ханында» Шарыш (реж. Б.Атабаев), Д.Исабековтің «Әпкесінде» Омар (реж. Б. Омаров), И.Сапарбайдың «Абай-Тоғжанында» Абай, Шахимарден мен Қ.Ысқақтың «Қазақтарында» Дуана сарбаз (реж.Т.әл-Тарази), Н.Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейдісінде» Дәулетбек, Асылхан, И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» Алеко (реж. Е.Обаев, Т.Аралбай), Р.Мұқанованың «Мәңгілік  бала бейнесінде» Болтай (реж. Б.Атабаев), Ө.Боранбаевтың «Әңгүдігінде» Шәукен (реж. О.Кенебаев), Е.Жуасбектің «Күлеміз бе, жылаймыз ба?..» комедиясында Макс (реж. М.Ахманов), Т.Мәмесейітовтің «Бәкей қызында» Қыдырәлі (реж. Ә.Рахимов),  Д.Исабековтің «Жаужүрегінде» Ақылбай (реж. Е.Обаев), Ә.Рахимовтің «Шәкәрімінде» Матақов (реж. Ә.Рахимов), Ш.Мұртазаның «Ай мен Айшасында» Орақ (реж. Т. әл-Тарази), І.Есенберлиннің «Алмас қылышында» Асан қайғы (реж. А.Кәкішева), Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегінде» Сырлыбай (реж.Е.Нұрсұлтан), А. Сүлейменовтің «Адасқақ» Абай (реж: Ә. Рахимов) т.б.

Әлемдік классика мен заманауи драматургияда: Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасында» граф Парис (реж. О.Салимов), К.Гоццидің «Турандот ханшайымында» Тарталья (реж. Т.әл-Тарази), Гогольдің «Ревизорында» («Пара») Осип, (реж. Е.Обаев), «Үйленуінде» Степан (реж. В.Захаров), Г.Гориннің «Атың шықпасасында» Тиссоферн (реж. Ә.Оразбеков), Г. Гауптманның «Ымырттағы махаббатында» Штейниц, Обербургомистер (реж. Р.Андриасян),  Ф. Буляковтың «Отыз ұлың болғаншасында» Бастық (Ә.Рахимов), Белецкийдің «Желіккен жастарында» Еркебұлан (реж. Сарбасов), У.Гаджибековтің «Аршын мал аланында» Велли (реж. Т.әл-Тарази), Е.Уахитовтың «Құдаларында» Әбдісалам (реж. Ә.Рахимов), А.Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеуінде» Соленый (ауд. Ә.Бөпежанова, реж. Р.Андриасян, А.Кәкішева), А.Володиннің «Қоштасқым келмейдісінде» Никулин (реж. А.Маемиров) т.б.

Театрдың дәстүрлі «Театр көктемі» фестивалі, сондай-ақ республикалык және халықаралық  театр фестивальдерінің (Тәжікстан, Иран, Корея, Түркия) бірнеше  мәрте жүлдегері.

 

 Кинодағы рольдері:

«Ағайындылар» – тергеуші Толғанбев (реж. А. Сатаев), «Жайлаудағы оқиға»  – Бай, «Махаббат жағалауы»  – Бас редактор, «Алтын алқа»  – Оператор, «Ақсұңқар»  – Жаршы («Хабар» арнасы,  реж. М. Бидосов) «Мент» – подполковник (реж. М. Оспанов),  «Таңқалдырған хикая-1» –  Бай, «Таңқалдырған хикая-2» –  Режиссер («Хабар» арнасы, реж. Б. Санитас).

 

«Хабар», «Қазақстан» телеарналарының «Ұят болмасын», «Біздің көшенің тұрғындары», «Әй, әйелдер-ай, әйелдер-ай!», «Сиқырлы әріптер», «Дудар-ай», т.б. бағдарламаларына қатысты,  әртүрлі телешоуларға белсенді атсалысып жүр.