Еркебұлан Мұратұлы Дайыров
«Серпер» жастар сыйлығының иегері (2013), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2018)
1986жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген.
2004-2008жж. Қазақ Ұлттық Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясын «Музыкалық драма актері» мамандығы бойынша оқып бітірді.
2006жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:
М.Әуезов «Абай» (реж. Е. Обаев) – Айдар,
М. Әуезов «Еңлік – Кебек» (реж. Х. Әмір-Темір) – Кебек,
М. Әуезов «Қилы заман» (сахналық нұсқасы: Н. Оразалин, реж. Ә. Рахимов) – Айтбай,
Т.Мәмесейіт «Бәкей қыз» (реж. Ә.Рахимов) – Жылқышы,
С.Мұқанов «Мөлдір махаббат» (реж. Ә. Рахимов) – Бүркіт,
Ғ.Мүсірепов «Махаббат дастан» (реж. Қ. Сүгірбеков) – Жантық,
Т. Нұрмағанбетов «Бес бойдаққа бір той» (реж. Ә.Рахимов) – Нарбол,
Д. Исабеков «Актриса» (реж. Н. Жұманиязов) – Ерлен,
Д. Исабеков «Мұрагерлер» (реж. О. Кенебаев) – Төрехан,
Д. Исабеков «Жаужүрек» («Балуан Шолақ», реж. Е. Обаев) – Балуан Шолақ,
И. Сапарбай «Қыз мұңы» (реж. Е. Обаев, Т. Аралбай) – Ғазиз,
Иран-Ғайып «Мен ішпеген у бар ма?..» (реж. О. Кенебаев) – Абай,
Н. Оразалин «Шырақ жанған түн» (реж. Н. Жақыпбай) – Сағын,
Т. Әбдіков «Ұлы мен ұры» (реж. Е. Обаев, Е. Нұрсұлтан) – журналист,
Р.Отарбаев «Бейбарыс сұлтан» (реж. Ю.Ханинга-Бекназар) – Қалауын,
Қ. Мұрат «Бақыт кілті» драмасында (реж. Е.Обаев) – Бауыржан,
Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» (реж.Е.Нұрсұлтан) – Бекежан,
У. Шекспир «Ромео мен Джульетта» (реж. О. Салимов) – Меркуцио,
Н. Гоголь «Үйлену» (реж. В. Захаров) – Подколесин,
Ү. Ғаджыбеков «Аршын мал алан» (реж. Т. әл-Тарази) – Сүлейман,
М. Кәрімнің «Күнаһар» қойылымында (реж. О.Кенебаев) – Диуана, т.б.

Кинодағы рөлдері:
«Теміртау көктемі», «Парыз», «Тағдыр», «Бауыржан Момышұлы», «Балуан Шолақ», «Тобол», «Әміре», «Елбасы жолы», «Тараз», «Анаға апарар жол», «Шлагбаум», «Жұлдыздар тоғысқанда», «Алтын Орда» және т.б. фильмдер мен телехикаяларда негізгі рөлдерді сомдады.