Қайрат Нәбиолла
1987 жылы ҚХР Алтай аймағы Қаба ауданында дүниеге келген.
2010-2014 жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында білім алды.
2014 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:

Д. Исабеков «Жүз жылдық махаббат» («Мағжан», реж. А. Кәкішева) – Бақылаушы,
Ғ. Есім «Таңсұлу» (реж. А. Кәкішева) – Жойқын,
И. Вовнянко «Қаза мен жаза» (реж. А. Әшімов) – Әртіс,
І. Есенберлин «Алмас қылыш» (реж. А. Кәкішева) – Қарақожа (Керей батыры),
Еврипид «Медея» (реж. А. Қабдешова) – Ясон,
Қ. Мұрат «Бақыт кілті» (реж. Е. Обаев) – Полицей,
М. Омарова «Көмбе нанның дәмі» (реж. А. Кәкішева) – Әскери,
Н. Оразалин «Шырақ жанған түн» (реж. Н. Жақыпбай ) – Сағын,
А. Аламан «Жүрегімнің иесі» (реж. А. Оспанбаева) – Жігіт,
А. Володин «Қоштасқым келмейді» (реж. А. Маемиров) – фотограф,
М. Әуезов «Қобыланды» (реж. Н. Жақыпбай) – Қазан,
В. Томский «Аттила мен Аэций» (реж. А. Кәкішева) – Қолбасшы,
М. Омарова «Ақтастағы Ахико» (реж. А. Маемиров) – тергеуші,
Ш. Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» (реж. Д. Жұмабай) – тергеуші,
Т. Нұрмағанбетов «Бес бойдаққа бір той» (реж. Ә. Рахимов) – Кико,
Н. Эрдманн «Жан қимақ» (реж. А. Оспанбаева) – профессор,
Иран-Ғайып «Қорқыттың көрі» (реж. Й. Вайткус) – бақсы,
А. Сүлейменовтың «Адасқақ» қойылымында (реж. Ә. Рахимов) – Ақан Сері,
және т.б.