Көрермен назарына ұсынылатын көрме

Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Еңбек қызыл ту», «Парасат», «Отан» ордендерінің иегері С.Оразбаев 1959 жылы Құрманғазы атындағы консерваторияның театр факультетін бітіріп, еңбек жолын М.Әуезов атындағы Қазақ мемдекеттік академиялық драма театрынан бастады. Сол жылдардан бастап күні бүгінге дейін сахнада ұлттық және әлем классикасы, қазіргі заман драматургиясынан: З.Шашкиннің «Жаяу Мұсасында» Жаяу Мұса, Ә.Тәжікбаевтің «Майрасында» Дүрбіт, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» Жантық, А.Сүлейменовтің «Төрт тақта-жайнамаз» драма-диалогындағы Әбдінәсім шал, Д.Исабековтің «Ескі үйдегі екі кездесуіндегі» Айтөре, Б.Мұқайдың «Өмірзаясындағы» Әли, М.Байсеркеновтің «Абылай ханның ақырғы күндеріндегі» Бұқар жырау, қырғыз драматургы Б.Жакиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпай...» драмасындағы Қария сынды т.б. жүзге тарта рөлдерді сомдап, осы сахнада үзісіссіз тер төгіп келеді. 21 мамыр күні Сәбит Оразбаевтің шығармашылық өмірін театр музейінің ұйымдастырған көрмесінен көре аласыздар.