Қошке Кемеңгерұлының 120 жылдығына арналған «Аманатқа адалдық» атты дөңгелек үстел

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының құрылғанына 90 жыл толуына орай қарашаңырақ театр мұражайының ұйымдастырылуымен «Тарих толқынындағы театр шежіресі» атты ашылған көрмесі аясында Алаш қалам қайраткері Қошке Кемеңгерұлының 120 жылдығына арналған «Аманатқа адалдық» атты дөңгелек үстел отырысы болып өтті.

Дөңгелек үстелге белгілі ғалымдар: Л.Гумилев атындағы Евразиялық Ұлттық Университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы, тарих ғылымдарының докторы, Л.Гумилев атындағы Евразиялық Ұлттық Университеті қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Жамбыл Артықпаев, филология ғылымдарының докторы, Л.Гумилев атындағы Евразиялық Ұлттық Университеті қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры

Сағымбай Жұмағұлов, магистранттар, студенттер, Астана қаласы №49 орта мектебінің 10 сынып оқушылары қатысты.

Сонымен қатар, іс-шараға Қошке Кемеңгерұлының ұрпақтары: Евразиялық Гуманитарлық институтының оқытушысы, немересі Ризабек Кемеңгеров, жиені Нұрания Шамшуалиева және филология ғылымдарының кандидаты, Л.Гумилев атындағы Евразиялық Ұлттық Университеті қазақ әдебиеті кафедрасының доценты, Қошкенің шөбересі Қайырбек Кемеңгер ат салысып қатысты.

         Дөңгелек үстел 2016 жылдың 30 қыркүйегінде ҚР Ұлттық музейінің Музейлік білім беру бағдарламалар секторымен ұйымдастырылды.