Бос орындар

Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жөніндегі менеджер


Лауазымдық міндеттері. Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс бойынша жұмысты ұйымдастырады. Қоғамның өкiлдерi мен бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс стратегиясын, кәсiпорынның фирмалық стилiнiң жалпы бейнесін, кәсiпорынның корпоративтік мәдениетiнiң имиджiн қалыптастыру немесе түзету бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді. Баспасөз мәслихатын, брифингтердi, медиа-киттер, бэкграундтар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы кәсiпорын басшыларының сұхбаттарын ұйымдастырады. Бұқаралық ақпарат құралдары үшін кәсiпорынның қызметi туралы баспасөз хабарламаларын, корпоративтік бюллетеньдерді, ақпараттық материалдарды әзiрлеудi ұйымдастырады, кәсiпорынның ашық есеп беру құжаттамасын әзiрлейдi. Кәсiпорынның қызметiне қатынасты зерттеу бойынша сыртқы ортаның талдауында қатысады, кәсiпорынның имиджі мен саясатына нақты қатынасты анықтау үшін халық арасында сауалнама, жүргізеді сұхбаттасады. Қоғамдық пікірді зерттеу ұйымдарымен өзара байланысты ұйымдастыруға қатысады және кәсiпорынның қызметi туралы қоғамның пiкiрiн зерттеу және анықтау бойынша өз бағдарламаларын құрастырады. Қоғамдық пiкiрдi (тұтынушылардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, билік органдарының, кәсiпорын клиенттері мен әріптестердің) сұрау нәтижесi бойынша кәсiпорын басшыларына мәлiмет бередi. Кәсiпорынның қызметi туралы бұқаралық ақпарат құралдарының және қоғамның тағы басқа өкiлдерiнiң сауалдарын талдайды, кәсiпорындағы қандай да бір оқиғаларды жариялайды не олар бойынша түсiніктеме бередi. Түрлi акцияларды (көрме, баспасөз мәслихаты, презентациялар, дөңгелек үстелдер, фестивальдер, қайырымдылық акциялары) ұйымдастыруға кәсiпорынның қатысуы туралы ұсыныстарды талдауға қатысады, басқа кәсіпорындар ұйымдастыратын бiрлескен PR-акцияларға қатысу мүмкiндiгі туралы қорытынды бередi. Өз жұмысында кәсiпорынның барлық табысты акциялары туралы мәлiметтi әлеуетті ортаға жеткізуге қажетті, кәсіпорынның өркендеуіне септігін тигізетін, кез келген құралдарды пайдаланады (тұтынушылар, акционерлер, инвесторлар). Өткiзiлген шаралардың тиiмдiлiгiн талдайды. Кәсіпорынның не кәсіпорынның пиар-персоналының бастамашылығымен жасалмаған, бұқаралық ақпарат құралдарында кәсiпорын (тауар, қызмет) туралы жарияланған материалдарды қорытып, талдап, басшыларға жеткiзедi. Кәсіпорынның қызметіне қатысты сыни ескертулерге кәсiпорынның атынан жауап береді (жауап сөз сөйлеулер, баспасөз мәслихатын дайындайды, басқа нысандарда түсiнiктемелер ұйымдастырады). Кәсiпорын басшылары үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғам өкiлдерiмен өзара байланыс жасау жөнінде тренингтер ұйымдастырады. Бәсекелестерінің стратегиясын талдайды, олардың күштi және әлсiз тұстарын айқындайды. Пиар-персоналдың кәсiпорынның басқа құрылымдық бөлiмшелерiмен өзара қарым-қатынасының құрылымын жетiлдiру туралы ұсыныстарын әзірлейді. Кәсiпорынның PR-мұрағатының жұмысын ұйымдастырады (оған қоғамның сұраулары, жауаптар, жүзеге асырылған акциялардың материалдарды кіреді). Кәсiпорын басшылығына орындалған жұмыс туралы есепті ұсынады.

Білуге тиіс. Қоғаммен байланыс, бұқаралық ақпарат құралдары және жарнама саласындағы мәселелерді реттейтін Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілері, нарықтық экономика, кәсiпкерлiк және менеджмент негiздерi, ұйымды дамыту стратегиясы, ақпараттық нарықтың коньюктурасы, әлеуметтанушылық зерттеулерді жүргізу технологиясы, дағдарыс жағдайларында жұмыс істеу әдістері, жарнамалық және ақпараттық науқандарды жоспарлау және ұйымдастыру әдістері, бағдарламалар мен іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз ету туралы шарттарды (келісімшарттарды) жасау тәртібі, социология, психология, филология, маркетинг негiздерi, іскерлік қарым-қатынас этикасы, қоғаммен байланыс саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибе, заманауи техникалық байланыс құралдарын және компьютерлік технологияларды пайдалана отырып ақпарат жинау және өңдеу әдістері,мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты беру тәртібі, оны қорғау және пайдалану тәртібі, клиенттік пиардың, копроративішілік пиар, дағдарыс пиары, пиардың өзге де түрлерінің негізгі қағидаттары, бәсекелес ортамен жұмыс жүргізудің негізгі қағидаттары, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жүргізу әдістері, экономика, іс жүргізу негіздері, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртіп ережесі, өндірістік санитария ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, қоғаммен байланыс және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қосымша білімі және жұмыс стажы кемінде 2 жыл болуы тиіс.

Бухгалтер


Лауазымдық міндеттері. Мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есебін (негізгі құрал-жабдықтардың, тауар-материалдық құндылықтардың, өндіріс, өнім өткізу шығындарын, шаруашылық-қаржы нәтижелерінің есебін жүргізу, жеткізушілермен және тапсырыс берушілермен, сондай-ақ көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысу) жүргізу жөніндегі жұмысты орындайды. Қаржылық тәртіпті сақтауға және ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады. Бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша бастапқы құжаттарды қабылдауды және бақылауды жүзеге асырады және оларды санап өңдеуге дайындайды. Негізгі құрал-жабдықтардың, тауар-материалдық құндылықтардың және ақша қаражатының қозғалысына байланысты операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетеді. Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнының есептік калькуляциясын жасайды, шығындардың және көзделмеген шығындардың пайда болуы көздерін анықтайды, олардың алдын алу жөнінде ұсыныстар дайындайды. Салықтар мен алымдарды федералдық, аймақтық және жергілікті бюджеттерге, сақтандыру жарналарын мемлекеттік бюджеттен тыс әлеуметтік қорларға, төлемдерді банктік мекемелерге, күрделі салымдарды қаржыландыруға арналған қаражатты, жұмысшылар мен қызметшілердің жалақыларын, басқа ақша төлеуді мен төлемдерді есептейді және аударады, сондай-ақ кәсіпорынның қызметкерлерін материалдық ынталандыруға арналған қаражатты аударады. Басшыларды, кредиторларды, инвесторларды, аудиторларды және бухгалтерлік есептіліктің басқа пайдаланушыларын есептің тиісті бағыттары (учаскелері) бойынша салыстырмалы және шынайы ақпаратпен қамтамасыз етеді. Шоттардың жұмыс жоспарын, шаруашылық операцияларын ресімдеу үшін қолданылатын, үлгі нысандары көзделмеген бастапқы құжаттардың нысандарын, сондай-ақ ішкі бухгалтерлік есепке арналған құжаттардың нысандарын әзірлейді, есеп жүргізудің негізгі тәсілдері мен әдістерінің мазмұнын және бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясын айқындауға қатысады. Шаруашылық ішіндегі резервтерді анықтау, үнемдеу режимін және құжат айналымын жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында бухгалтерлік есеп пен есептіліктің деректері бойынша кәсіпорынның шаруашылық-қаржы қызметін экономикалық талдауға, қазіргі заманғы есептеу техникасының құралдарын қолдану негізінде бухгалтерлік есептің прогрессивтік нысандары мен әдістерін әзірлеуге және ендіруге, ақша қаражаты мен тауар-материалдық құндылықтарды түгендеуге қатысады. Есептілікті жасау үшін бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша деректер дайындайды, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қадағалайды, оларды мұрағатқа өткізу үшін белгіленген тәртіпке сәйкес ресімдейді. Бухгалтерлік ақпараттың деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және сақтау бойынша жұмыстар жүргізеді, деректерді өңдеу кезінде пайдаланылатын анықтамалық және нормативтік ақпаратқа өзгертулер енгізеді. Тапсырмалардың не олардың есептеу техникасының көмегімен шешілетін жекелеген кезеңдерінің экономикалық қойылуын қалыптастыруға қатысады, экономикалық ақпаратты өңдеудің экономикалық негізделген жүйесін жасауға мүмкіндік беретін дайын жобаларды, алгоритмдерді, қолданбалы бағдарламалардың пакетін пайдалану мүмкіндігін айқындайды.

Білуге тиіс. Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері және мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру және есептілік жасау жөніндегі заңнамалық актілер, қаулылар, өкімдер, бұйрықтар, басқарушылық, әдістемелік материалдар, кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің нысандарын және әдістері, шоттар жоспарын және байланыстырылуы, бухгалтерлік есеп учаскелері бойынша құжат айналымын ұйымдастыру, негізгі құрал-жабдықтардың, тауар-материалдық құндылықтардың және ақша қаражатының қозғалысына байланысты операцияларды құжатпен ресімдеу және бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету тәртібі, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін экономикалық талдау әдістері, есептеу техникасын пайдалану ережесі, экономика, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру, шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістері, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртіп ережесі, өндірістік санитария ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. I санатты бухгалтер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, II санатты экономист лауазымында жұмыс стажы кемiнде 2 жыл болуы тиіс.

II санатты бухгалтер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, жұмыс стажына талап қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және тиісті мамандық бойынша жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы тиіс.

Бухгалтер: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі, жұмыс стажына талап қойылмайды немесе белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық және тиісті мамандық бойынша жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы тиіс.

Кассир


Лауазымдық міндеттері. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ережелерді міндетті түрде сақтай отырып, ақша қаражаттарын және бағалы қағаздарды қабылдау, есебін жүргізу, беру және сақтауы бойынша операцияларды жүзеге асырады. Белгіленген тәртіп бойынша ресімделген құжаттар бойынша банктардан жұмысшыларға жалақы, сыйақы, іссапар және басқа да шығындарды төлеу үшін ақша қаражаттарын және бағалы қағаздарды алады. Кіріс және шығыс құжаттарының негізінде кассалық кітапты жүргізеді, ақша қаражаттарының және бағалы қағаздардың іс жүзіндегі бар болуын кітаптағы қалдығымен салыстырып тексереді. Тозығы жеткен купюралардың тізімін, сондай-ақ оларды жаңа купюраларға айырбастау мақсатында банкқа тапсыру үшін тиісті құжаттарды жасайды. Белгіленген тәртіпке сәйкес ақша қаражаттарын инкассаторларға береді.Кассалық есептілікті даярлайды.

Білуге тиіс. Қазақстан Республикасының кассалық операцияларды жүргізу бойынша заңнамалық, нормативтік құқықтық актілері, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдары, кассалық және банкілік құжаттардың нысандары, ақша қаражаттары және бағалы қағаздарды қабылдау, беру, есепке алу және сақтау ережелері, кіріс және шығыс құжаттарын ресімдеу ережелері, ұйым үшін белгіленген кассадағы ақша қалдығының лимиттері, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелері, касса кітабын жүргізудің, кассалық есептілікті жүргізу тәртібі, еңбекті ұйымдастыру негіздері, есептеу техникасын пайдалану ережесі, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе негізгі орта білім және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық болуы тиіс және жұмыс стажына талап қойылмайды.