Әуезов театрында "Ұлым саған айтам..." қойылымының тұсауы кесілді

Алматыдағы Әуезов театрында ақын Бақыт Беделханның "Ұлым, саған айтам..." драмалық қойылымының тұсауы кесілді.

 

Елбасының Рухани жаңғыру бағдарламасындағы басты бағыттарды жүгін көтеріп, жалпы көрерменнің жанына рух беретін бұл шығарма - Әке мен бала арасындағы тартысқа құрылған ұлт тұтастығының тұғырын нығайтатын туынды.

"Қойылым автор, актер және режиссер сынды үш тағаннан құралған. Дәстүр сабақтастығы мен ұрпақ сабақтастығын жалғастыра отырып, Қазақ елінің біртұтастығын, ұлт пен ұлыстардың татулығы мен бірлігін көксейтін туынды", - деп атап өтті қойылым режиссері Асхат Маемиров.

Қазақ руханиятының біртуар тұлғаларының өсиеттерін қамтып, қазақ театрының қазығы сынды жандарды еске сала отырып, өскелей ұрпаққа осының бәрін ұмытпа деген ой әр көрерменнің жадында қалған болар.

Оқиға желісі бойынша өзара байланысын жоғалтқан әке мен баланың арасындағы түсініспеушілік арқылы күллі қазақ қоғамының барлық кемшіліктерін байқауға болады. Және мұнда біздің заманның ғана кемшілігі емес, бір ұлттың санасына ғасырлары бойы жиналған кемшіліктер анық көрсетіледі.

Бақыт Беделханның осы шығармасын сілтеме арқылы өтіп оқи аласыздар!

 

https://holanews.kz/view/news/29969