Алматылықтар Наурызды жаңа форматта атап өтуді бастады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Наурыз мейрамын жаңа форматта атап өту басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бастамасымен М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында «Ұлы даланың ұлы күні - Наурыз» атты мерекелік шара өтті.

«Жаңа форматтағы Нурыз мерекесінде біз кішкентай бүлдіршіндерді, көпбалалы отбасыларды шақырып дәстүрімізді көрсетіп жатырмыз. 800 бүлдіршінге аздаған сыйлықтар берілді. Балалар асыға күтетін,  естерінде сақтайтын үлкен Наурыз мерекесін көрсетуге тырыстық», - деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова.

Алматылықтар Наурызды жаңа форматта атап өтуді бастады

Жаңа сипаттағы Наурыз мерекесінің тағы бір ерекшелігі өнер иелері халыққа қызғалдақ гүлдерін тарту етті.

«Қызғалдақты символға айналдырамыз деген ниетпен өнер қайраткерлері гүлдерді халыққа сыйлады. Наурызда қызғалдақ сыйлауды дәстүрге айналдыруымыз керек. Сондай-ақ Көрісу дәстүрін жаңғырту қажет. Жана орыс, неміс, кәріс, ұйғыр ұлттарымен көрістік. Әр ұлт өзінің ұлттық киімінде шығып, ұлттық дастарханын, тағамын дайындады. Наурызды қазақ ұлтының ғана емес, басқа да ұлттардың рухани мерекесіне айналдыру бағытында жұмыс жасап жатырмыз», - деді театр директоры Сәбит Әбдіхалықов.

Алматылықтар Наурызды жаңа форматта атап өтуді бастады

Алматылықтар Наурызды жаңа форматта атап өтуді бастады

Алматылықтар Наурызды жаңа форматта атап өтуді бастады

Алматылықтар Наурызды жаңа форматта атап өтуді бастады

Алматылықтар Наурызды жаңа форматта атап өтуді бастады

Сондай-ақ қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі мен ұлттық ойындар тойдың сән-салтанатын асырғандай болды. Қолөнерші Сұлтан Тілек Түрікменстанның жібек бұйымдарын, тақияларды, кестелер секілді қолдан жасалған бұйымдар әкелген.

Ал Қазақстанның Еңбек Ері, актер Асанәлі Әшімов елімізде 14 наурыз Көрісу күні ретінде ресми атап өтілсе деген ойын білдірді.

Алматылықтар Наурызды жаңа форматта атап өтуді бастады

Алматылықтар Наурызды жаңа форматта атап өтуді бастады

Алматылықтар Наурызды жаңа форматта атап өтуді бастады

Еске сала кетсек, министр Арыстанбек Мұхамедиұлы Наурызды атап өтудің форматын заман талабына сай түбегейлі өзертудің қажеттігін, оның тәлім-тәрбие, қадір-қасиет беретін түрлерінің ерекше көп екенін айтқан болатын.

Бұған дейін жаңа мазмұндағы Наурыз мейрамы Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында мерекеленген еді.     

Алматылықтар Наурызды жаңа форматта атап өтуді бастады

Алматылықтар Наурызды жаңа форматта атап өтуді бастады

Алматылықтар Наурызды жаңа форматта атап өтуді бастады

Алматылықтар Наурызды жаңа форматта атап өтуді бастады

Алматылықтар Наурызды жаңа форматта атап өтуді бастады

Авторы: Үмітбек Бағдатұлы

inform.kz