"ӨМІР. ТЕАТР. САХНА" хабарының кейіпкері – Серәлі Қожамқұлов

Білдей бір дәуірдің, бүтін бір ел мәдениетінің іргетасын қалап, өнерін өрге сүйреген сахна саңлағы – Серәлі Қожамқұлов туралы "ӨМІР. ТЕАТР. САХНА" хабарын ұсынамыз. ⠀

"Auezov Theatre Official Channel " аталатын YouTube арнамызға тіркеліп, спектакльдеріміз бен қазақ өнерінің алғашқы қарлығаштары жайлы хабарларды тамашалаңыздар!

"Білім және мәдениет" арнасының ұжымы Серке Қожамқұловтың өмірі мен өнері жайлы арнайы хабар түсірген. Түсірілім барысында қазақ театр өнерінде өзіндік орны бар, Мұхтар Әуезов театрының артистері мен "МУЗЕЙ" бөлімінің меңгерушісі, Мәдениет саласының үздігі Наргиз Тамабекқызынан сұхбат алған.