М.Әуезов театрында премьера – “Алмас қылыш”

Ілияс Есенберлиннің 100 жылдық мерейтойын, Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлап, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына қадам басқан қазақ еліне бұл тамаша тарту болды.

Тарихи драманың сахналық нұсқасын жасаған – Ә.Бағдат
Қоюшы режиссер – А.Кәкішева
Режиссердің ассистенті – Ж.Маханов
Қоюшы суретші – М.Сапаров
Композитор – К.Базарқұлова
Режиссердің көмекшісі – Б.Әбдіков.

Театр әртістері Б.Қожа, Т.Сағынтаев, Д.Мұсаев, Ж.Толғанбай, Б.Қаптағай, С.Мерекеұлы, Е.Бектасов, А.Жұмабаев, А.Сатыбалдиева, А.Бақытжанова, А.Бөкенбай, Ж.Жаныаманова, Н.Қуанышбайұлыөздерінің ролін сәтті алып шықты.

“Алмас қылыш” деген атауының өзі металдан жасалған қарапайым қылыш атауын білдірмейді, бұл – халықтың бір сипаты, мұнда терең мән жатқанын театрға барғанда аңғарасыз.

Көшпенді халық тарихын кинодан көріп құлағдар болып, кітабын оқып хабардар болғанмен, нағыз ер адамға сай батырлардың дауысын театрдан “тірілей” естігенге ештеңе жетпейді. Т.Жүргенев атындағы Өнер академиясының 3-4 курс студенттері қатысатын эпизодтар да спектакльдің нағыз рухқа толы тұсы. Олар “аттан-аттан”, “берілмейміз-берілмейміз”, “Алаш-Алаш” деп ұрандағанда сахнадағы көрермен орнынан тұрып кетпей әрең шыдап отырды.

Жанға рухани азық алып, дағдарыс заманы болса да, тыныш қоғамда өмір сүретініміз бақыт екенін сезінгіңіз келсе, “театрда кездесейік!”.

Әсел Асанова

“Массагет”.