М. Әуезов атындағы драма театрында "Империядағы кеш" деп аталатын жаңа қойылымының премьерасы өтті

АЛМАТЫ. 27 қазан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Алматыдағы Қазақтың мемлекеттік Мұхтар Әуезов атындағы академиялдық драма театрында Серік Асылбекұлының "Империядағы кеш" деп аталатын драмасының премьерасы болды.

Қоюшы-режиссері - Алма Кәкішева, суретшісі - Ерлан Тұяқов. Онда мейрамхана иесі, кәсіпкер Айдардың туған күн кешіне жиналған  бір-біріне  дос-жарандай көрінетін  жандардың шын бет-бейнесі ашылады. Қойылымның басты кейіпкерлерін Руслан Сенкебаев (Айдар), Нұржан Бексұлтанова, (Ұлжалғас), Ермек Бектасов (Болат), Жанат Тінбаев (Берікбол), Жалғас Толғанбай (Сұлтанбек Ертуғанұлы),  Анар Бөкенбай (Гүлден), Дулыға Ақмолда (Тойболды), Гүлнар Жақыпова (Нұрсұлу), Зарина Кәрменова (Сәния) мен  Қуаныш Мамытқалиев (Фараби) сомдады.

"Бұл менің Серік Асылбековтың шығармасымен жасаған алғашқы режиссерлік жұмысым. Бұған дейін оның  "Күзгі романс" қойылымында актриса ретінде ойнағанмын. Пьессаны оқыған кезде бұл тақырыптың әлі ашылмаған  бұғып жатқан құпиясы  көп екенін байқадым. Көп ойланып одан қойылым жасау қажет деп шештім", - дейді Алма Кәкішева.