Қадірлі Арыстанбек Мұхамедиұлы!

Бүкіл салалы білімін, саналы ғұмырын мәдениетке арнап, туған халқы үшін қалтқысыз қызмет етіп келген Арыстанбек Мұхамедиұлына алғысымызды білдіреміз. Мәдениет және спорт салаларындағы көптеген бастамалар мен жетістіктер Арыстанбек Мұхамедиұлының атымен байланысты. Еліміздің өнері, оның ішінде М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының  әлемнің астаналары Лондон, Париж, Токио сынды қалаларында өнер көрсетуі Сіздің тікелей қолдауыңызбен өтті. 

ҚР Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалған Ақтоты Рахметоллақызына жаңа қызметте толағай табыстар тілейміз. Министрліктің тізгінін берік ұстап, әрдайым береке-бірліктің басында, тынысты тірліктің қасында жүруіңізге тілектеспіз! 


Құрметпен,
М.Әуезов атындағы 
Қазақ мемлекеттік академиялық 
драма театры ұжымы