Нұр-Сұлтанда Асанәлі Әшімов ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға батасын берді

20 маусым күні «Қазмедиа орталығының» киноконцерттік залында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың халық алдында есеп беру кездесуі өтті. Қазақстан тұрғындары  мәдениет, өнер, спорт, тілдердің дамуы, және туризм саласындағы өздерін қызықтыратын сұрақтарына министрден тікелей жауап алды.

Сұрақтарды кездесуге келген қалың жұрт қана емес, еліміздің барлық аймақтарының тұрғындары да сұрақ қою мүмкіндігіне ие болды. Өзге облыстардың өкілдері үшін Министрліктің ресми сайтында сұрақ қою функциясы бар арнайы бөлім ашылды. Аталмыш айдарда қазақстандықтар іс-шарадан тікелей қосылымды қарап, кездесудің Call-орталығымен байланыс туралы ақпарат та осы бөлімде орналастырылған болатын.

Кездесу барысында Ақтоты Райымқұлова Министрліктің есеп беру кезіндегі қызметі туралы баяндап, құзырындағы салаларда атқарылып жатқан жұмыстар мен мемлекеттік органның болашаққа деген жоспарларымен бөлісті.

Бұл күні театрымыздың көркемдік жетекшісі, КСРО Халық артисі, КСРО, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері  Асанәлі Әшімов министр Ақтоты Рахметоллақызына батасын берді.

Мысалы, «Кинематография туралы»  заң ұлттық киноның әлемдік кинонарыққа шығуына мүмкіндік береді»

 Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың халық алдында есеп беру кездесуінде қазақстандық кинематографияны дамыту мәселесі талқыланды. 3 қаңтарда Қазақстан тарихында алғаш рет «Кинематография туралы» заң қабылданды. Барлық киноқауымдастықтар мен қазақстандықтар үшін бұл тарихи оқиға болды. Ведомства басшысының айтуынша, «Кинематография туралы» заң ұлттық кинематографияны қолдауға мүмкіндік береді, қазақстандық ұлттық киноны насихаттауға көмектеседі және шетелдік фильмдерден басымдықты қамтамасыз етеді, ұлттық киноның әлемдік кино нарығына шығуға мүмкіндік береді.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 наурыздағы қаулысымен ұлттық кинематографияны қолдаудың мемлекеттік орталығы құрылды. Орталықтың негізгі мақсаты – ұлттық фильмдерді насихаттау мақсатында, кинематографиялық жобаларға мемлекеттік қаржылай көмек көрсету болып табылады. Сонымен қатар, орталықта сарапшылар кеңесі де құрылды», – деп атап өтті Ақтоты Райымқұлова.

2019 жылдың 1 маусымында Ұлттық киноны қолдау Ұлттық орталығы –ұлттық фильмдерді шығаруда мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру мақсатында бірінші жобалық конкурсқа өтінімдер қабылдауды аяқтады.

Жалпы, отандық жеке студиялардан және шетелдік кинокомпаниялардан киножобалар байқауына барлығы 100 өтінім келіп түсті.

Министрліктің киноөнімдерді әлемдік ауқымды прокатқа шығару жұмыстарына байланысты үлкен перспективалары бар. Киноөндіріс бойынша табысты тәжірибе жинадық, ол қазақ-ресейлік «28-ншы Панфиловшылар» фильмі мен голливуд режиссерлерімен бірге түсірілген «Әмре» фильмі.

«Біз алғаш рет Қытайдың миллиардтаған көрермендеріне шығып отырмыз – сәуір айында Бейжің халықаралық кинофестивалінің аясында қазақ-қытай киносы «Композитор» фильмінің әлемдік премьерасы өтті. Қытайда 30 мыңға жуық кинотеатр фильмді прокатқа алды », - деді министр.

Сонымен қатар, бүгінгі күні Самал Еслямова, Дулыға Ақмолда және танымал жапон актеріМираи Морияманың қатысуымен қазақ-жапон «Конокрады» фильмінің түсірілімі аяқталды. Жылдың аяғына дейін «Amazing Race» әлемдік үлкен реалити-шоудың тұсаукесері күтілуде. Бұл әлемдегі ең танымал шоудың бірі, енді Қазақстан алғаш рет осындай ауқымды жобаға қатысады.