Лир патша. Премьера

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында мамыр айының 7, 17 жұлдызында У.Шекспирдің «Король Лир» пьесасының желісі бойынша “Лир патша” трагедиясы сахналанады.

Аударған – Ә.Кекілбаев

Сахналық нұсқа – М.Омарова

Қоюшы-режиссері – Е.Нұрсұлтан

Қоюшы-суретші – Т.Есімбаев

Музыкамен көркемдеуші – Е.Есенбаев

Режиссердің көмекшісі – С.Гениярова

Шекспирдің атақты трагедиясының бұл нұсқасында  негізгі оқиғалар тақталас; ұрпақтар арасындағы қарама-қайшылықтар, яғни  өнердегі классикалық тақырыптардың бірі – әкелер мен балалар қарым-қатынасы төңірегінде өрбиді. Бүкіл елін ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған Лир патшаның ақыры неге бұлай болды?  Адам бойындағы махаббат пен ғадауат, адалдық пен  сатқындық,  риясыздық пен ашкөздік тайталасы салқынқанды зерделенетін қойылым авторлары бұл сауалға көрермендерімен бірлесе отырып жауап іздейді…

Рольдер мен орындаушылар:

Лир патша – Д.Ақмолда, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Гонерилья – А.Сатыбалдиева, А.Сайлауова

Регана – Ж.Жанаманова, Ж.Мақажанова

Корделия – Д.Үсенова, А.Өмірова

Кент – Ж.Маханов, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты

Е.Бектасов

Баспасөз қызметі.