ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ ӘКЕМ ТЕАТРЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 5-ші қазан күнгі Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  PhD докторы, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Асхат Маемиров, Қазақстанның Халық артисі, Еңбек Ері Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі Асанәлі Әшімов, Қазақстанның халық артисі, профессор Есмұхан Обаев жақында жарияланған Елбасының жолдауына өз ойларын білдірді.

 

Асхат Маемиров:

Еліміздің саяси өмірінде маңызы бар тағы да бір құжат қабылданды. Биылғы Жолдау әлеуметтік салаға арналғанын байқауға болады. Елбасы қоғамдағы өзекті  мәселелердің барлығын дөп басып айтып берді деуге толық негіз бар. Қазақстандықтардың әл ауқатын өсіру, табысы мен тұрмыс сапасын арттыру керектігін жеткізді. Соның негізінде «Ұлттық жаңғыру» комитетін құрайын деп жатыр.  

 Жолдау ішіндегі ең басты пункттерінің бірі 2019 жылдан бастап еңбекақы көтеріледі. Сонымен қатар, білім мәселесі ерекше айтылды, ұстазға ерекше статус беретін заңды қабылдауды да тапсырды.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі балабақшалардың санын арттыру,  үш ауысымда оқитын мектептерді тоқтатып, жаңадан мектептер тұрғызуды, жоғары оқу орнында сапалы кәсіби мамандарды дайындауды Елбасымыз шегелеп тапсырды.

Сондай-ақ,  Жолдауда салауатты өмір салтын әрі қарай дамыту, 100 спорт кешенін тұрғызу және келер жылды «Жастар жылы» болып жарияланды. Енді осы жастар жылына байланысты біздер де өз идеяларымызды, жоспарларымызды ұсынатын боламыз!

Асанәлі Әшімов:

Елбасының биылғы Жолдауының жаңалығы өте көп! Әсіресе, ендігі жылды «Жастар жылы» деп хабарлады. Біздің театрымыздың дені жастар!  Сондықтанда біздің ұжым үшін бұл үлкен жақсылық болғалы тұр! Жолдаудағы негізгі айтылғаны халықтың материялдық, тұрмыстық жағдайы жақсара түспек.Осы Жолдаудың аясында әлеуметтік жағдайға көп көңіл бөлінгелі тұр. Сондықтан, Жолдауды біз ұжым болып қолдаймыз!

Есмұхан Обаев:

Қадірменді әріптестер! Шынында биылғы Елбасының Жолдауында біз ескеретіндей жайттар бар екен. Әсіресе, мына отырған жастар үшін қуанамын.

Енді, Жолдауда айтылғандай келесі жылы «Жастар жылы» болғандықтан жастарға көптеген қолдаулар, қамқорлықтар болады деп ойлаймын. Сондықтан мына жерде отырған жастарға жаңадан шағын театр ашу мүмкіндігін қарастырып, жаңа бір шығармаларды дайындаса деген ұүсыныс бар. Сондықтан, осы Жолдау театрымыздың жастарына жаңа серпін береді деп ойлаймын!

Айта кетейік, Елбасы бұл Қазан Жолдауында Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі еңбекақы мөлшерін 1,5 есе, 28 мың теңгеден 42 мың теңгеге дейін өсіруді тапсырған болатын. Бұл түрлі салада жұмыс істейтін, барлық меншік формасындағы кәсіпорындарда еңбек ететін 1 миллион 300 мың адамның жалақысын тікелей өсіреді. Сондай-ақ, 275 мың бюджеттік ұйым қызметкерлерінің еңбекақысы өседі. Олардың жалақысы орташа алғанда 35 пайызға көтеріледі. Бюджеттік дегеніміз - олар ұстаздар, дәрігерлер, құқық қорғау органдары, қорғаныс қызметкерлері және тағы басқалары. Бұл мақсатқа 2019-2020 жылдарға жыл сайын 96 млрд. теңгеден бөлінбек.

Ә.КЕРЕЕВ