Министр "Театр 28" театр ұжымын кезекті жеңісімен құттықтады

ҚР Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалдының "Театр 28" театры Мәскеуде өткен "Подмосковные вечера" фестивалінде "Гран При" және "Ең үздік актерлік ансамбль" аталымымен марапатталуына байланысты фейзбук парақшасында өзінің құттықтауын жеткізді.

-"Достарым, сүйінші!

Спектакль по драме Георга Бюхнера «Войцек» в постановке нашего 28theater получил Гран-при IX Международного театрального фестиваля «Подмосковные вечера ФЭСТ’2018». Накануне в Москве подвели итоги: всего в рамках фестиваля были даны около 150 спектаклей, но лучшей признали работу наших, казахстанских, ребят! Поздравляю руководителя 28theater и исполнителя главной роли солдата Франца Войцека - Азамата Сатыбалды и весь коллектив театра с этой победой!"- деп жазып, министр өзінің жүрек жарды лебізін білдірді. 

Айта кетейік, ағымдағы жылдың наурыз айында "28theater" ұжымы əлемге əйгілі "Войцек"туындысын Елорда сахнасында қойып, министр Арыстанбек Мұхамедиұлы арнайы келіп тамашалаған болатын. 

"28theater" ұжымын Әкем театры ұжымы атынан тағы да кезекті жеңістерімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!