Жанерке Нұрлыбекқызы: «Түрік достарым Əкемтеатр актерлері түрік əріптестеріненде жақсы ойнайды деп жоғары бағаларын берді!»

Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры Түркия мемлекетінің Адана қаласында өтіп жатқан V халықаралық театр фестиваліне түркі халықтарына ортақ - түркі дүниетанымының негізін жасаған ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманист, Сырдария бойында өмір сүрген, оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде Х ғасырдың басында дүниеге келген Қорқыт Ата жайындағы қойылымын қойды.

Бұл қойылымды Адана сахнасынан тамашаулаға келген біздің әлеуметтік желі парақшаларынан оқып, жерлестеріміз Адана қаласының Чукуров атындағы мемлекеттік университетінде еліміздің мемлекеттік бағдарламаларымен магистрлік білімдерін алып жатқан Алматы облысы Жаркент қаласының тумасы Аида Базарқұлова және батысқазақстандық Жанерке Нұрлыбекқызы өз ойларымен бөлісті.

- Еліміздің туын желбіретіп Түркияға Қорқыт Ата туралы қойылыммен келгендері үшін Еліміздің Мәдениет және спорт министрлігіне және театр басшылығына алғысымды білдіремін! Мен қазіргі таңда Чукурова университетінде «Түрік тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша магистратурада оқып жатырмын. Қорқыт Атаны таңдаған өте дұрыс болған.  Бұны әдебиетші ретінде айта аламын. Өйткені ол түріктердің де тарихы. Қойылымды тамашалауға келген барлық түрік ағайындар керемет әсермен қарап отырды. Қойылымда Қазақстанның театр өнері өте мықты жоғары дәрежеде екенін көрдік. Актерлеріміздің сахнаға шыққан сәтінен аяғына дейін ғажап өнерлеріне тәнті болып, керемет әсерде болдық, – дейді магистрант Аида Базарқұлова.

Қазақстанмен Түркия арасындағы мәдени қарым-қатынасты дамытуға үлесін қосып жатқан ҚР мәдениет және спорт министрлігіне және театр әкімшілігіне алғысын жеткізіп, еліміздің  мәдениетін Түрия еліне және басқада мемлекеттерге насихаттай беруін тілеген Жанерке Нұрлыбекқызы өз жүрекжарды лебізін былай жеткізді.

- Бүгінгі еліміздегі іргелі М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының Түркия еліне, Адана қаласына келгеніне өте қуаныштымын! Бүгін қойылған Қорқыттың қойылымы өте жақсы, жоғары дәрежеде өтті. Өйткені, өзімнің отандастарым болғасын, өзімнің жан бауырыма қатты ыстық болып тұрды. Өте қатты қуаныштымын! Осылай шашпауымызды көтеріп тонау Қазақстаннан келгендеріңізге, мәдениет министрлігіне алғысымды білдіремін!

Осы Адана қаласында оқитын қазақстандық 9-10 студент, магистранттар бар. Жиі жиналып, қазақы дастарханымызды жайып, бешбармағымызды жасап тұрамыз. Елімізден осы жазда барып келсек те, сағынып жүр едік. Сіздердің бұл сапарларыңыз, бір сағынышымды басып, өзімді бақытты сезініп тұрмын.

Қойылым барысында аудармасы жүріп тұрды. Түріктерге бірақ оның көп керегі болмады. Менің түрік досым  қойылымды солай көріп түсініп отығанын айтты. Сондай-ақ, түрік әріптестерінен де жақсы ойнайды екен, деп Әкемтеатр актерлеріне өте жоғары бағасын беріп отырды.

Қойылым барысында меніңше, Қорқыт ата, Әзірәлі, Қорқыттың анасы, әкесі, досы, жары, бөліп алары жоқ барлығы да жоғары дәрежеде өнер көрсетті, - деді Жанерке Нұрлыбекқызы Чукуров универистетінің магистранты.

Әкемтеатры бұл сапарынан бұрын, тәуелсіздік жылдары Түркия елінде 2010-2015 жылдары аралығында Конья және тағы басқа қалаларында өткен халықаралық фестивальдерге қатысып, өнері жоғары баға алғанын айта кетейік.

 

Әділғазы Бақытұлы

Түркия сапары күнделігінен.....