Әкемтеатр ұжымы баршаларыңызды Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтайды!

Театрымыздың құрметті көрермендері және сайтымыздың, әлеуметтік парақшамыздың сүйікті оқырмандары!

Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театры ұжымы баршаларыңызды келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтайды!

Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театры ұжымы үшін өтіп бара жатқан 2018 жыл берекелі де өнімді жыл болды.

Бұл жылда көптеген ауқымды шаралар өтті. Солардың бірегейлерімен бөлісейік: 

Қазақ ұлттық профессионалды театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі Қ.Қуанышбаевтың 125 жылдығы; 

Актер, Қазақстанның Халық артисі Ә.Боранбаевтың 70 жылдығы; 

Қазақ өнерінің аса ірі тұлғасы, көрнекті театр және кино актері Ә.Молдабековтың 80 жылдығына орай өткізілген «Театр-көктемі» фестивалі; 

Театрдың Ақтөбе облысы мен Орал, Арқалық өңірлеріне гострольдік сапары және Орта Азия елдерінен тұңғыш рет Қазақстан қатысып, біздің ұжым Францияның Авиньон қаласына фестивальге қатысты;

 Кең ауқымда өткізілген «Музей түні» көрмесі; 

Қазақстанның Халық артисі Торғын Тасыбекованың 80 және Қазақстанның Еңбек сіңірген артисі Ғазиза Әбдінәбиеваның 70 жасқа толуына орай мерейтойлық-шығармашылық кештері. 

Мүлік Сүртібаев пен Айкен Мұсабекқызының туғанына 100 жыл толуына орай еске алу кеші. 

Көрнекті жазушы-драматург А.Сүлейменовтың 80 жылдығына орай арнайы көрме, пресс-конференция және атвордың «Біржанның соңғы әні» қойылымы қойылды. 

Сонымен қатар, тағы басқа көптеген ауқымды, xалықаралық шаралар өтті.

Премьералар: 

«Біржанның соңғы әні»; 

«Сүйінбай»; «Анна Каренина»; 

«Ұлым, саған айтам...»; 

 «Жанқимақ» трагедия-фарсы; 

Өткелі тұрған 2018 жылда осындай көптеген ауқымды шаралар өтті. Дегенмен, ескі жылға өкпе жоқ, келер жылдан күтеріміз көп. Біз Сіздерге 2019 жыл табысты, ырысты, берекелді жыл болсын деп тілейміз! Елімізде елеулі істер көп болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай.  Жаңа 2019 жыл құтты болсын!