Әуезов театры ұжымы сенбілікке шықты

«Ұлы даланың ұлы күні – НАУРЫЗ» мейрамы қарсаңында бүгін Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры ұжымы сенбілікке шықты.

Бұл жолғы сенбілік 17-сі күні өтетін ауқымды мерекелік шара үшін театр маңын дайындауға арналып өткізілді. 9.00-ден бастап театрдың үлкен, орта және жас буын артистері, қызметкерлері, сондай-ақ әкімшілік толығымен қатысты.

«Театр – мәдени ошақ. Біз театр артистері болғандықтан емес, мәдениет саласына қызмет етіп жатқандықтан, театр айналасының да тап-таза болғанын қалаймыз», – дейді сенбілікке шыққан қызметкерлер.

Ал біз көрермендеріміз үшін арнайы фотоесеп ұсынамыз!