Қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы!

Сіздің бүгінгі Өзіңіз ерекше құрметтейтін Қазақстан халқына арнаған мәлімдемеңізді тарихи шешім ретінде үлкен толғаныспен қабылдаймыз.

Сіз қалыбын құрып, іргетасын бекіткен Тәуелсіз Қазақстанның бүгінде төрткүл дүние алдында беделі биік, абыройы асқақ, жүзі жарқын. «Мәңгілік ел» атты арман биігіне қарай сүйреген орасан зор еңбегіңізді халқыңыз жақсы біледі әрі шын бағалайды. 

Сіздің басшылығыңызбен руханиятымыздың да көкжиегі кеңейіп, өрісі өнегелі істермен өрге басқанын өнер саласында жүрген саңлақтар жақсы біледі. Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО Халық әртісі, театрымыздың көркемдік жетекшісі Асанәлі Әшімов, Қазақстанның Халық Әртісі Сәбит Оразбаев бастаған театр майталмандарының да Өзіңізге деген ықылас-пейілі ерекше, құрметі шексіз!

Ел болашағы үшін қабылдаған тарихи шешіміңізді қабылдай отырып, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз!  


Құрметпен,
М.Әуезов атындағы 
Қазақ мемлекеттік академиялық 
драма театры ұжымы