Көптеген театр марапаттарына ие болған шоу

Ол туралы Бродвейден  Жаңа Зеландияға дейінгі барлық газеттер мен журналдар жарыса жазды. Сыншылар бұл шоуды "театр классикасы" деп, ал Полуниннің даңқы - "Әлемнің ең үздік клоуны" деп аталды.

"сНЕЖНОЕ шоу Славы Полунина" әлемнің түкпір-түкпірінде сахналанды. Барлық жерде аншлаг, қойылымға деген алғыс, ыстық ықыласқа ие болып, барлық жастағы көрермендердің, әсіресе балалардың көз қуанышына себепкер болды.

Спектакль соңында үлкен əуе шаралары залға ұшқан сəтте, ересектер қайта балалық шаққа саяхат жасап, ал балалар қағаз қарларды қызықтап,  қойылыммен қоштасқысы келмеді.

Қойылымнан əр адам əр түрлі ой түйеді. Біреу үшін бұл балалық шағы туралы лирикалық естеліктер болса, біреу үшін жалғыздық туралы əңгіме іспеттес.  Ал біреулер қызғылт аяқ киімді сары адамға ішек-сілесі қатып күліп, оның соңынан "Асисяй" деп қайталайды. Көрерменнің бір бөлігі кішкентай адамының күйзелісін көргенде, көзіне жас алады...

Қойылымға деген махаббат көрермендерді шоуға арбап алады, көңілдеріне қуаныш ұялатып,  тəтті естеліктер ұзақ уақытқа дейін естерінен кетпесі анық. Келер жылғы қыс мезгілі аязды немесе қарсыз болуы мүмкін. Бірақ та таңғажайып "сНЕЖНОГО шоу" қойылым естеліктерінсіз болмайтыны анық.

Бұл шоу  барлық жастағы көрерменнің көңілінен шығары сөзсіз: егде жастағылардың да, ересектердің де, балалардың да.

2019 жылдың 11 қыркүйегі мен 20 қыркүйек аралығында "сНЕЖНОЕ шоу Славы Полунина"  қойылымы Алматы қаласындағы М.Əуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына келеді. Сіздерді 12 бірдей күйбең тіршілікті  бір сәтке ұмыттырып,  қиял-ғажайып əлеміне сапар шеккізетін  таңғажайып қойылымдар күтеді.

Спектакльдер 11,12,13,17,18,19 жəне 20 қыркүйек сағат 19:00-де, 14 қыркүйекте сағат 15:00 жəне 19:00-де, 15 қыркүйекте сағат 14:00 жəне 18:00-де ұсынылады. Билеттер театр кассаларында жəне http.//slavasnowshow.ru / сайтында сатылады. 8 жасқа дейінгі балаларға 19:00-дегі кешкі сеансқа бару ұсынылмайды. Билет жасына қарамастан бір адамға ғана жарамды.