Қазақстанның xалық артисі - Әшірәлі Кенжеев тұрған үйге арнайы тақташа орнатылды

Актер, Қазақстанның халық артисі – Әшірәлі Кенжеев тұрған үйге арнайы тақтайша орнатылды. Тақтайшаның ашылу рәсіміне Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі Мамай Қаниұлы қатысты. 

Сондай-ақ,  ашылу салтанатында КСРО xалық артисі, Қазақстанның еңбек ері – Асанәлі Әшімов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Әубәкір Раxимов, Ә.Кенжеевтің жұбайы, Қазақстанның xалық артисі, актриса Торғын Тасыбековалар сөз сөйлеп, есте қалған жылы естеліктерімен бөлісті. Шараға М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының орта буын және аға буын өкілдері түгел қатысып, актер, халық артисі жайлы сыр шертісті. 

Айта кетейік, тақтайша Жамбыл және Желтоқсан көшелерінің қиылысындағы көпқабатты үйде орнатылған.