Әуезов театры БАҚЫЛАУШЫ қызметіне кастинг жариялайды

Құрметті Алматылық  арулардың назарына! Тамыз айының 26-ы күні сағат 11.00-де, М.Əуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының əкімшілігі, БАҚЫЛАУШЫ қызметіне кастинг өткізеді.


Егер Сіздің 

  1. жасыңыз 18-25 аралығында,
  2. БОЙЫҢЫЗ 1,65 см төмен емес.
  3. Сондай-ақ, театр тарихын білетін және репертуарымыздағы қойылымдардан хабарыңыз болса,
  4. қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлей алсаңыз,

Онда бұл кастингте бақ сынап, қатысуға келіңіз. 

Бақылаушы – көрермендерге мәдениетті, сапалы қызмет көрсету, оларға қолайлы жағдайлар жасау бойынша, басқа да жұмыстарды жүзеге асырушы адам. Артистермен және көптеген театр мамандарымен бірге  қазақ театр өнеріне, еліміздің мәдениетіне өз үлестеріңізді қосуға асығыңыздар! 


Біз Сіздерді күтеміз! 

Барлық сұрақтар бойынша:
8 700 543 6127 – Гаухар Магзуровна
8707 910 16 46 – Гүлім Рысқұл