АКТЕРДЕН КЕСТЕНІҢ БІЗІНДЕЙ НӘЗІК ӨНЕР ТАЛАП ЕТЕТІН...

Бүгін "Қолына түскен актер гүлдей жайнап шыға келетін" суреткер ойшыл, театр және кино режиссері, қоғам қайраткері, КСРО және Қазақстанның Халық артисі, Қазақстанның Халық қаһарманы Әзірбайжан Мәмбетовтің ТУҒАН КҮНІ! Ол бүгінде 87 жасқа толар еді...


Өз көрерменіміз бен оқырманымыздың назарына алыптар жазған естеліктерді ұсынамыз:

1. "Өз бойына сан алуан адами қасиеттерді сіңіре білген лайықты суреткері жоқ театр іргелі бола алмайды. Суреткер ойшыл, адамсүйгіш, ұлттық мәдениет үшін жаны күйетін адам болуы тиіс. Әзірбайжан Мәмбетовті сондай адам діп білемін"... Шыңғыс Айтматов

2. Әлемдік театр өнерінде Әзірбайжан Мәмебетов қалдырған із сайрап жатыр. Әзекең өзіне қандай талапшыл болса, жұртқа да солай қарайтын. Спектакльге кіріспес бұрын көп ойланып-толғанатын. Әзекең актерге "өзің тап" дегендей, шығармашылық еркіндік беретін, тапсаң – таптың, таппасаң – өз айтқанын істететін. Және оған қарсы келуге болмайды. Өйткені, ол айтса, әбден жүрегінен өткізіп барып, бір-ақ айтады... ... Өзі қойған әр пьесадан жаңалық ашты. Сөйте тұра актерден кестенің бізіндей нәзік өрнек талап ететін.

3. Әзірбайжан Мәмбетов ұстазым Николай Михайлович екеуміз жетекшілік ететін курсқа оқуға түсті. Азик алғашқы күннен-ақ бізді өзінің ерекше қабілетімен таңғалдырған. Ол актер ретінде де ғажап талантты еді. Ал, режиссер ретіндегі ерекше даралығын алғашқы жұмысынан-ақ түсінгенбіз. Мен Мәмбетовтей шәкіртіммен мақтанамын. Андрей Гончарев, орыс режиссері, КСРО Халық артисі

4. Мәмбетов бұл театрды фольклорлық спектакльдердің өресінен оздырып, әлемдік ауқымдағы өнер ордасы деңгейіне жеткізді. Әзірбайжан Мәмбетовтың өнерінің арқасында қазақ театры шетелдерге танылды. Рубен Андриасян, режиссер, Қазақастанның Халық артисі

#94театрмаусымы #Әуезовтеатры94маусым