ӘУЕЗОВ ТЕАТРЫ ЖАҢА МАУСЫМДЫ ПРЕМЬЕРАМЕН АШАДЫ

2019 жылдың  17-18 қазан күндері  Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры өзінің  94-ші  маусымын ашады. 

Театр ұжымы биылғы жылдың жаңа маусымын жаңа қойылыммен ашуды жоспарлап отыр.  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» Халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты  Әлия Бөпежанованың аудармасындағы, Григорий В.Томскийдің «Аттила мен Аэций»  қойылымының премьерасымен ашылады. 


Қойылымның шығармашылық құрамы:


қоюшы-режиссер - А. Кәкішева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
қоюшы-суретші - Қ. Халықов
костюм үлгісі - Б. Әбдіманапова
композитор - А. Райымқұлова және С.Шәменов
биін қойған - Ш.Сапарғалиқызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
визуалды  көріністер - М. Күзенбаев 
режиссер ассистенті - А. Қабдешова
режиссер көмекшісі - Г. Сейтімбет

Қойылымдағы жыр-монологтар авторлары - Т.Медетбек, ҚР Мемлекеттік сыйлығы лауреаты («Көк түріктер» поэмасынан  үзінділер), Ә.Бөпежанова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері.


Рөлдерде: 

Абыз – Тәңір дінінің абызы – Ү.Сейтімбет, Н.Әбілов 

Атилла – А.Жұмабаев, А.Лепесбаев, М.Асаубай 

Аэций – А.Боранбай, А.Чаяхметов, Ж.Тинбаев 

Галла Пласидиа – Г.Джакупова, К.Ашимова 

Аспар – Б.Манжигитов, К.Бейсегалиев 

Кере-Ко – М.Келгенбай, А.Абдыхамитова 

Айшуақ – М.Абсадыкова, Ә.Сайлауова 

Еллақ – Р.Бекет, Қ.Құдайберген 

Марк – Е.Бектасов, Ж.Тинбаев 

Бонифас – Қ.Набиолла, Д.Мұсаев 

Валентиньен – Ж.Қонысбай, А.Тұрарбеков 

Ганория – А.Бакиджанова, Ә.Қайратқызы 

Жасинт – Н.Қуанышбайұлы, Д.Шыныбек 

Евгений – Г.Оспанов, Ш.Пірназаров 

Леон  - С.Мерекеұлы, О.Қыйқымов 

Елди-ко – И.Меңдібаева, А.Талғат 

 

Қойылымның сипаттамасы:


Аттила –  Еділ қаған–батыс ғұндар мен еуропалық көптеген тайпалардың басын біріктіріп, үлкен қағанат құрған (б.з. 434-453 жж.), әлемдік тарихта ерекше орны бар тұлға. Бұл тақырыпқа осымен екінші рет оралып,  бұл жолы жаңа туынды – белгілі аттилатанушы, француз жазушысы Б. Тюргэннің тарихи драмасын сахналап отырған театр интерпретациясында Аттила басқыншы емес, керісінше, Еуропада құл иеленушілік құрылыстың шайқалуына әсер еткен, ондағы халықтарға азаттық әперген ұлы қолбасшы, Ғұн-Рим империясын құруды армандаған көрнекті мемлекет қайраткері, діни сенімдерді қадірлейтін дипломат. Мұның түп тамырында оның ата-баба өсиетіне адалдығы, өмірлік және билік қағидаларына беріктігі жатыр. Бүгінгі күнмен үндесетін, таңбалық мағыналары мол қойылымда Аттиланың сүйікті жары Кере-коға махаббаты, римдік атақты генерал Аэциймен достығы да көркем көрініс тапқан.  



Жаңа маусымның ашылу күні өтетін шаралар:


17.00-де – БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы.

17.30-да –  БАҚ өкілдеріне арнайы «coffe break».

18.00-де – көрермендер мен қонақтарға арнайы 50-80 жылдар аралығындағы М. Әуезов театры тарихынан сыр шертетін эксклюзивті фото көрмесі ұйымдастырылады;

19.00-де «Аттила мен Аэций» спектаклінің премьерасы;

 

        Құрметті БАҚ өкілдері! Сіздерді жаңа маусымның ашылу салтанатына орай ұйымдастырылып отырған шараларға шақыра отырып, ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз!     

 

      Бізбен байланыс:

+ 7 777 815 01 03

+7 707 910 16 46