Мүмкіндігі шектеулі өнерлі балапан – Айгерім өнер ұжымына алғысын білдірді

И.Сапарбайдың "Сыған серенадасы" спектаклін Аружан Саин продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен арнайы Балапан телеарнасында көрсетілетін "Дос болайық" бағдарламасының кейіпкері - мүмкіндігі шектеулі өнерлі балапанымыз Айгерім Жанұзақ келіп көрді.


Айгерім 
Изольда рөлін сомдаған Шынар Жанысбековаға  гүл сыйлап, спектакльді тамашалағанына қуанышты екенін және рахметін жеткізді. Қойылым соңында сахна сыртына келіп басты кейіпкерлермен суретке түсті . Шәмші ағамыз, яғни Ерлан Біләл кішкентай көрерменге баталы ыстық ықыласы мен әдемі тілегін жеткізді...


Сондай-ақ, Айгерім әкесімен және бауырымен спектакльдің басталуы алдында арнайы театрымыздың 4-қабатында орналасқан МУЗЕЙІМІЗГЕ келіп, театрымыздың тарихынан қысқаша мағлұмат алды. Театр Музейінің жетекшісі Наргиз Тамабекқызының айтуынша,     Әйгерім музейге, тарихқа үлкен қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, білмегенін білуге ұмтылатын зейінді, жігерлі әрі өнерсүйгіш бүлдіршін. "Әйгерімнің қазақ деп соққан жүрегінен айналдым... Осы талпынысы, әрекеті, өмір мен өнерге қызығушылығы, Мұқағалидің  өлеңдерін жатқа білуі қазіргі мәдениет пен өнерді бағалай алмай жүрген жастарға өнеге боларына сенемін", – дейді Наргиз ханым. 


Спектакльден кейін басты кейіпкерлеріміз - Кішкентай көрерменнің іздеп келгенін көріп толқынысын жасыра алмады .