«ФАРИЗА» спектаклі Нұр-Сұлтан қаласында

Көпшілік қауымның көңілін қуантқан, поэзия падишасы Фариза Оңғарсынова жайындағы «ФАРИЗА» спектаклі енді Елорда тұрғындарының көзайымына айналмақ.

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында премьерасы болған қойылым алматылық көрерменнің де жақсы пікірлеріне ие болған. Басты кейіпкер – Фаризаның рөлін, атап айтқанда Фаризаның мұңы мен қуанышын, қайғысын көркем эстетикалық және кәсіби тұрғыдан жеткізе білген актриса – Платиналы  "Тарлан" сыйлығының иегері Назгүл Қарабалина сомдайды. 


Ендігі қараша айының 15-16 жұлдызы, сағат 19:00-де «ЖАСТАР ТЕАТРЫ» сахнасында қойылады. 

Естеріңізге сала кетсек, «ФАРИЗА» спектаклі бұған дейін Алматы қаласынан бөлек, Ресейлік «СОВРЕМЕННИК» театры сахнасында қойылып, Мәскеулік қалың көрерменнің қошеметіне ие бөленді. Және Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағанбетовтың құттықтау қабылдауында болды.


«Фариза» спектаклінің бас продюсері және идея авторы: Айнұр Көпбасарова

Пьеса авторы: Роза Мұқанова
Қоюшы режиссері: Фархат Молдағали
Композиторы: Ренат Гайсин
Басты рөлде: Назгүл Қарабалина
Қуандық Қыстықбаев, Лейло Бекназар-Ханинга, Ерлан Кәрібаев;


Спектакльдің шығармашылық тобына ұжымымыз атынан сәттілік тілейміз!