Десанттық шабуылдау әскері толық құраммен Әуезов театрына келді

Б.Жәкиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпай» спектаклін «Десанттық-шабуылдаушы әскерлері» толық ұжыммен тамашалады.

Жаркент, Сарыөзек, Талдықорған, Қапшағай және Алматы сияқты 6 горнизонның әскерлері толық құрамды ұжымды театрға келіп, қойылым тамашалуына мұрындық болған – театрымыздың көрермендермен байланыс менеджері Мәрзия Мәмидоллақызы. Мәрзия ханым қолбасшылары генерал-майор Абубакиров Қаныш Атанханұлын театрымыздың директоры Сәбит Әбдіхалықовпен таныстырып, алғыстарын жеткізді.


Спектакль алдында әскерилерге «Музей» бөлімінің жетекшісі Наргиз Тамабекқызы  мұражайда қойылған барлық құнды құжаттар мен суреттерді таныстырып, театр  тарихымен хабардар еткізді. Театрға құрмет білдірген әскери ұжым спектакльді де  үлкен ықыласпен тамашалады.

С

Спектакль соңында театр ұжымына алғысын айтып, қол соғып, артистерге гүл шоқтарын сыйлап тарасты.

«Маркетинг және қоғаммен байланыс» бөлімі