«МҰҚАҒАЛИМЕН СЫРЛАСУ» поэтикалық драмасының премьерасына шақырамыз

26-қараша күні,  сағат 18.30-да Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында  ақын, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері Бақыт Беделханның «МҰҚАҒАЛИМЕН СЫРЛАСУ» поэтикалық драмасы сахналанады. Режиссері – Әридаш Оспанбаева. 


«Мұқағалимен сырласу» – театрландырылған поэтикалық композиция. Мұзбалақ ақын – Мұқағали Мақатаевтың тағдыры мен шығармашылығына арналған драмалық қойылымы ешкімді де бейжай қалдырмасы анық. Театр актерларының шеберлігімен шырайы кіретін ақынның жырлары, әнмен әуелеген өлеңдері, күнделігі мен күнделікті өмірі Бақыт Беделханның ақындық зердесінде жаңаша айшықталады. «Тау – менің дәу бесігім...» деп тебіренген таудай ақынмен тағы бір сырласқыңыз келсе, театрға келіңіздер! ⠀