Әуезов театрында залалсыздандыру жұмыстары жүрді

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты онлайн жүйеге көшкенімізді білесіздер. Ал осы сәтте театрдың "Ғимаратты пайдалану" бөлімі арнайы мамандар тобын шақыртып, залалсыздандыру (дезинфекция) жұмыстарын жасады. Осылайша театр әкімшілігі індетке қарсы күресті күшейту мақсатында аталған жұмысты іске асырып отыр. ⠀



Сонымен қатар, театрымыздың "Тігін" цехының мамандары Республикалық-отбасылық медициналық орталық қызметкерлеріне бірнеше қайтара пайдалануға болатын бір қорап маскалар тігіп жіберді. Әрбір дәке (марлевый) маскалары 4,6,8 қабаттап тігілген. ⠀
Өнер ұжымы төтенше жағдайда халыққа барынша қолдау көрсетуге ынталы! ⠀


БІЗ БІРГЕМІЗ!



@mcs.govrk
#мксlive #bizbirgemiz #algaqazaqstan #teamkz #үйдеміз #звезданакарантине #өнеронлайн #Әуезовтеатры94маусым #94театрмаусымы