Халықаралық театр күнімен құттықтаймыз!

Халықаралық театр күні құтты болсын!

Құрметті театр саласында еңбек етіп келе жатқан әріптестер мен осынау рухани өнердің жанашырлары! Төл мерекелеріңіз құтты болсын! ⠀
Қазақ өнерінде талантына табындырған да тамсандырған небір саңлақтар, ұлы суреткерлер ұлттық сахнаға ұлағатты мол сыйлап кетті. Театр сахнасында адамның мұңы мен мұқтаждығы, құқығы мен бостандығы, тағдыры мен тәуелсіздігі, жаны мен болмысы, қайғысы мен қуанышы сөз болады. Соның барлығын сезген де, сезіндірген жүректеріңізге жігер, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге береке, шығармашылық табыс тілейміз! ⠀

Ізгі тілекпен, Әуезов театры ұжымы