Қастерлі де қасиетті мереке – Жеңіс күні құтты болсын!

Қадірлі ардагерлер, қымбатты замандас-достар!  

Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейлі күні құтты болсын!

Әлемнің миллиондаған халқымен бірге бұл Жеңіске Қазақстан да өз үлесін қосты. Бүгінгі біздің бейбіт өміріміз үшін жарты миллионға жуық қаракөз аталарымыз бен апаларымыз қан майданда ерлікпен қаза тапты, мыңдаған адам мүгедек болып оралды. Әйелдер мен балалар, жасы үлкен қариялар тылда ауыр еңбек етті. 

«Ер есімі – ел есінде!», олардың қайсар рухтарына тағзым етіп, бас ию – бүгінгі ұрпақ, біздің, үлкен парызымыз. Біз аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан қашанда үлгі алып, бой түзейміз.

Сіздерге денсаулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндерін, жан шуағын, ашық аспан тілейміз


Мұхтар Әуезов атындағы 

Қазақ мемлекеттік академиялық 

драма театрының ұжымы