21 МАМЫР – МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ

Қымбатты әріптестер!

Өнер мен өмір жолын қатар үйлестірген, ел руханиятының көркеюі жолында қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан еңбектеріңіз жана берсін!

Аталмыш мерейлі күн өнердің сан саласында тер төгіп жүрген кез-келген азаматтың төл мерекесі деп білеміз. Әуезов театры ұжымы халық тәрбиесіне ықпалы мол жауапты саланы кәсіп еткен Сіздердің әр қайсыңыздың шығармашылықтарыңыз бен шаңырақтарыңызға толайым табыс, сарқылмас шабыт пен бақ-береке тілейді!

Ізгі тілекпен,
Еркін Жуасбек,
М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік
академиялық драма театры директорының м.а.