Д. Ақмолда және Б. Қажынәбиева түскен «Өліара» фильмі кинофестивальде үздік атанды

Қазақ режиссері Елзат Ескендірдің «Өліара» («Off-season») фильмі Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткен дәстүрлі кинофестивальде үздік қысқаметражды фильм деп танылды.

Busan International Film Festival (BIFF) — Азия киноиндустриясында ғана емес, әлемде шоқтығы биік кинобайқау. BIFF кинофестивалінде еліміздің жас киногері Елзат Ескендірдің «Өліара» («Off-season») қысқаметражды фильмі Sonje Award аталымында үздік картина деп танылды. Сондай-ақ режиссер 10 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы алды.

«Мен бұл жеңісімді марқұм атам мен апама арнаймын» — деді жүлде марапаты кезінде Елзат Ескендір.

21 жылдық тариxы бар Халықаралық Пусан кинофестивалінде World Premiere-сы (әлемдік премьерасы) өткен «Өліара» фильмінің қоюшы режиссеры Елзат Ескендір — Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі, Ираклий Квирикадзе шеберханасында тәлім алған жас киногер.

Сценарий авторлары — Елзат Ескендір және Өміржан Әбдіхалықұлы.

Басты рольдерде Асылболат СмағұловБаян ҚажынәбиеваДулыға Ақмолда және баланың рөлін Мақсат Әбдірахман ойнады.

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Дулыға Ақмолда және Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты Баян Қажынәбиева театрымыздың белді әрі көрнекті актерлері. «Өліара» фильмінің жүлделі болуында театр актерлерінің де зор еңбегі бар. Сондықтан да Дулыға Ақмолда мен Баян Қажынәбиеваны театр ұжымы атынан құттықтап, бұдан да зор шығармашылық табыстар тілейміз!

Баспасөз қызметі.