"Үйлену" комедиясы YouTube арнамызда

Театр сахнасында көрерменнің оң бағасын алып келе жатқан комедия жанрындағы "Үйлену" спектаклі қазіргі ТЖ кезеңінде арнайы көрермен үшін YouTube арнамызға жүктелді.  

Н.В.Гогольдің «Үйленуі» М.Әуезов театрында алғаш рет Н.Жантөриннің режиссерлігімен 1961 жылы қойылған.
Ал жаңа қойылым – өздерінің байлыққа бас ұрған есепшілдігінен, өзімшіл таяздығынан өздері зардап шегіп жүрген, бірақ, онысын өздері сезбейтін адамдардың аянышты тағдырлары, мақтаны көп, мақсаты жоқ қоғам туралы әрі күлкілі, әрі мұңды. Екі бөлімді комедияның қоюшы-режиссер: В.И.Захаров