«Ай мен Айша» (Трейлер)

Драма

Ш.Мұртаза, Қазақстанның халық жазушысы

Әдеби шығармаларының  негізінде жазылған драманың авторы – Е.Жуасбек

Спектакль жазушы Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» романы мен «Мылтықсыз майдан» повесі бойынша Еркін Жуасбек жазған драма бойынша қойылды.

Сонау сұрапыл соғыс жылдары майданның барлық  ауыртпалығын елде бастан кешкен ауыл адамдары, соның ішінде – «халық жауы» атанып, айдауда дүние кешкен отағасының аманаты – үш балапанын қалайда аман-есен  жетілдіруді мақсат еткен Айшаның отбасы бейнеленеді. Алапат соғыс, ел ішінде де  аштық, шарасыздық. Жау жағадан алғанда  соғыстан бой бұғып қалған қорқаулар етектен тартқылап, осы аласапыранда қарлығашша шырылдаған Айша жанталасып, тіршілік үшін күресуде. Бұл – жалғыз Айшаның тағдыры емес, ел тағдыры. Елдің өшпес өршіл рухы бұл жолы да жасампаз. Спектакль – жеңіс үшін, өмір-тіршіліктің жалғасы үшін тылда жан аямай еңбек еткен барлық Ана мен баланың, кейуаналар мен ақсақалды аталардың ерен ерлігіне тағзым.

Спектакль премьерасы:         11,12,17    сәуір, 2015 жыл