“Жүз жылдық махаббат” – Информбюро

Алматыдағы Мұхтар Әуезов театры биылғы маусымды Мағжан мен Зылихаға арналған “Жүз жылдық махаббат” спектаклімен бастады. Әрі алғашқы қойылым, әрі премьера болған соң театрда ине-шаншар жер болмады.

Дулат Исабековтің жаңа пьесасын сахнаға алып шыққан режиссер Алма Кәкішева. Екі бөлімді драма Мағжан мен Зылиханың ғашықтық сезімі мен өмірдегі тартқан қияметтеріне арналған. Зылиха – Мағжан Мәскеу түрмесінен кейін Ақ Теңіз жағалауына айдалғанда артынан іздеп барған серігі. Қойылымда олардың нағыз серттің адамдары екендігі жақсы көрсетілген.

Дереккөз: 31.kz