Бейбарыс сұлтан

17
Қараша
Жексенбі
18:30

Авторы: Р. Отарбаев

Жанр: Тарихи драма

Ұзақтығы: 2 сағат

Зал: Үлкен зал

Жас санаты: +7

Билет сатып алу
Билетті брондау

Сипаттама:

Дешті қыпшақ ұланы, он жасында жетім қалып, құлдыққа өзге елге сатылып кеткен Сұлтан аз-Захир Бейбарыс (1223-1277) – қатардағы құлдан Мысыр елінің ойлы да кемеңгер билеушісі дәрежесіне дейін көтерілген тағдыры өте күрделі, қарама-қайшылықты тұлға.  Қаншалықты биік атақ-даңқ пен аса зор билік әлеуетіне ие болса да  Бейбарыс бабамыздың  жүрегін мәңгілік бір сағыныш сыздатып өткен. Туған ел-жеріне, сайын даласына,  жусанның ашқылтым иісіне деген сол сағыныш – спектакльдің де негізгі лейтмотиві. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол»  дегенді халық бекер айтпаса керек…
Премьера: 19 маусым, 2013 ж.
Қоюшы-режиссер – Ю.Ханинго-Бекназар, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор
Қоюшы-суретші – Е.Тұяқов, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері
Киім үлгісі суретшісі – Л.Возженикова
Режиссер ассистенті – А.Сатыбалды, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Режиссердің көмекшісі – А.Кабдешова
Балетмейстер – Г.Мұхамеджанова
Музыкамен көркемдеуші – Е.Есенбаев
Сахна сайысын қойған – А.Байлин
“Жетіген” – Е.Құсайынов 
“Ер Туран” – “Тұран” тобы 
“Мысыр” сазы “Intro” – “Еny time” тобы 
“VMUNTESEN YUFYIL” – Kusursuf AK 
“Көроғлы” – “Тұран” тобы

Өкінішке орай алдағы қойылымдар табылмады