Жаужүрек

Авторы: Д.Исабеков

Жанр: Драма

Ұзақтығы: 2 сағат

Жас санаты: +7

Сипаттама:

Балуан Шолақ (Нұрмағамбет) керемет әнші-композитор, сері, балуан, халықтың сүйіктісі. Қойылымда жары Балқаш, ғашығы Ғалия, тұтқын жас қыз Татьянаның жүрегін жаулаған еркіндіксүйгіш Балуан күрескер, көзі ашық, көкірегі ояу тұлға ретінде бейнеленеді. Әлеуметтік ортасымен тағдыры бірегей әншінің шұрайлы жерінен, демек, еркіндігінен айырыла бастаған әлеуметтік ортасы, яғни халқының мүддесін қорғап, тәуекелге бел буып, күреске шығу жолы айшықталады. Шынайы теңдік, бостандық жоқ жерде шынайы махаббат, бақыт жоқ; ел азат болмай – ер азат еместігін алға тартатын қойылымның кеңістігі үлкен.

Премьера: 08, 09, 12 сәуір 2011 ж.

Қоюшы-режиссер – Е.Обаев, ҚР халық артисі, профессор

Режиссер – А.Кәкішева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы-суретші – Е.Тұяқов, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері

Композитор – Е.Елгезеков

Режиссердің көмекшісі – Б.Әбдіков

Өкінішке орай алдағы қойылымдар табылмады