"Империядағы" кеш

Авторы: С. Асылбекұлы

Жанр: Драма

Ұзақтығы: 2 сағат

Жас санаты: +7

Сипаттама:

«Империя» мейрамханасы. Мейрамхана иесі, кәсіпкер Айдардың туған күн кеші. Бұрынғы ғалым әріптестерінің туған күн иесіне ақжарма тілектері, ағынан жарылған көңілдер, мол дастархан. Бәрі керемет. Алайда… бір-біріне тілектес, әріптес, дос- жарандай көрінетін жандардың шын бет- бейнесі бірте – бірте сұлбалана бастайды да, бұл кеш Шекспирдің атақты «Өмір- театр, адамдар оның актері» деген қанатты сөзі мағыналана, ашыла түсетін кеш болып шығады…

Премьера: 26 қазан, 2011 ж.

Қоюшы-режиссер: А.Кәкішева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы-суретші: Е.Тұяқов, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері

Режиссердің ассистенті: Н. Бексұлтанова, Жастар Одағы сыйлығының лауреаты

Музыкамен көркемдеуші: Е.Есенбаев

Балетмейстер: Г.Мұхамеджанова

Режиссердің көмекшісі: С.Гениярова

Өкінішке орай алдағы қойылымдар табылмады